Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Хабарландыру ХАБАРЛАНДЫРУ



БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні


Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 20 қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша өзінің барлық филиалында «Ашық есік күнін» өткізеді. 
Күннің басты тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз». Қазір бұл – зейнетақы жинақтары саласындағы ең жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Қор мамандары келешекте салымшыларды қандай артықшылықтар мен бонустар күтіп тұрғанын айтып береді. 
Сонымен қатар бұл іс-шара мақсаты – зейнетақы жүйесінің жалпы жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша салымшыларды кешенді хабарландыру. 
Іс-шараға қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі.
Сіздерді «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы филиалының келесі мекенжайлары бойыншакүтеміз:   
Бөлімше №1 Алматы қ., Әуезов ауданы, Аксай-1 ықшамауданы,Толе би к-сі, 15 «Б».
Бөлімше №6 Алматы қ., Медеу ауданы, Төлебаев к-сі, 38/61, литер «В» (Қонаев көшесінен кіру, Мақатаев к-сі қиылысы).
Бөлімше №7 Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко к-сі, 80,
(Желтоқсан к-сі қиылысы.)

Байланыс тұлға – Абуева Гулдана Нургалиевна
Байланыс телефондары – 8 727 330 9838, 8 778 888 7366