Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА


Алматы қ.                                                                                                 30 желтоқсан 2018 жыл
«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген мекеменің атауы: «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі: Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №59  өкімі. 
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айлар аралығы.
Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты қызметінің талданатын кезеңі: 2018 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) аппараттың функцияларын қозғайтын нормативтік – құқықтық актілер;
2) бөлімдерге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
4) мемлекеттік қызметшілердің ауысуы.
1. Аппарат қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер бойынша:
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ аппараттың ішкі нормативтік құжаттарына (құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерге және т.б.) сәйкес жүзеге асырады. Талдау барысында аппараттың қызметін реттейтін ережелер мен ішкі нормативтік құжаттар зерделенді.
Есептік кезеңде Алмалы ауданы әкімінің нормативтік-құқықтық сипаттағы 2 шешімі және әкімшілік-басқару, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша 167 өкімі қабылдады.
Алмалы ауданы әкімінің «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» және «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі «Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» №6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімдері Алматы қаласы Әділет департаментінен тіркеуден өтіп, «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде және аудан әкімінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Дискрециялық өкілеттіктер мен ережелерді талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары анықталған жоқ. 
2. Персоналды басқару қызметі және оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің ауысуы бойынша:
«Алматы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің бекітілген штаттық бірлік саны – 40.
2018 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша аппараттың нақты штаттық бірлік саны - 39, бос лауазымдар - 1.
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар уақытылы және тұрақты негізде өткізілді.  
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде аппаратта 5 ішкі және 7 жалпы конкурс өткізілді, оның қорытындысы бойынша 11 әкімшілік мемлекеттік қызметші жұмысқа қабылданды.
Өткізілген конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстар өткізу қағидаларына сәйкес өткізілді.
Кадрлардың ауысуы:
Жалпы аппарат бойынша кадрлардың ауысу көрсеткіші 3 адамды құрады (7,6 %).
Жұмыстан шығу себептері әр-түрлі, олар:
-  өз еркімен – 3;
- зейнеткерлік жасқа жету бойынша – 1;
- басқа мемлекеттік қызметке ауысуы бойынша – 1. Барлық жұмыстан шыққандар қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ. 
Мүдделер қақтығысын реттеу:
Аппаратта қызметке тікелей бағынысты бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары ата-аналар (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындас-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындас-сіңлілері, ата-аналары мен балаларын қызметке алу фактілер анықталмады.
Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Конкурстық және тәртіптік комиссиялардың құрамы бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлердің  біліктілігін арттыру үшін оқуға уақытылы жіберілуде. 
Ағымдағы жылы біліктілігін арттыру үшін 17 қызметкер оқуға жіберілді. 
Тәртіптік жауапкершілік:
Есептік кезеңде 8 мемлекеттік қызметші лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жауапкершілікке тартылған қызметшілер арасында қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы құқық бұзушылықтар жасағандығы анықталған жоқ. 
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізілген.
Мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш рет қабылданған қызметкерлер ұлттық қауіпсіздік органдарынан арнайы тексеруден өткен. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы» заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдау бойынша жазбаша міндеттемелер ресімделген және мемлекеттік қызметті өткеру кезеңінде табыс алуға әкеп соғатын мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қажеттігі туралы жазбаша хабарламалар берілген. Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің, соның ішінде мемлекеттік қызметке жаңадан және алғаш кірген мемлекеттік қызметшілердің табысы мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы тапсыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.
Аппараттың интернет-ресурсында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат орналастырылған, сенім телефоны көрсетілген, ол бойынша азаматтар мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактілері туралы хабарлай алады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша:
Алмалы аудны әкімінің аппараты тұрақты негізде (тоқсан сайын) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (МҚІСЖҚА) есеп жолдаған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 983 қаулысына сәйкес, Алмалы ауданы әкімінің аппараты 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның 1 мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде, қалған 10  азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміменде (АХАТ). 
2018 жылы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен (АХАТ) - 18111 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның мемлекеттік органдардан – 3515, ХҚКО – 12353, электрондық портал арқылы – 2243.
Сонымен қатар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі арқылы - 614 спорттық разряд берілді.
2018 жылғы жүргізілген талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы бойынша:
Есепті кезеңде жеке тұлғалардан - 1900 және заңды тұлғалардан – 378 өтініш түсіп қаралды. Қаралған барлық өтініштер Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес уақытылы жауап берілген.
Сонымен қатар, талдау жүргізу кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметкерлерінің атына жағымсыз материалдар (жарияланымдар), пікірлер болған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан есептік кезеңде аппарат қызметіне сыбайлас жемқорлықтың пайда болу фактісі бойынша өтініштер түскен жоқ.
5.Қорытынды бөлім.
Жоғарыда аталғандардың негізінде, жұмыс тобы аппаратының қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықтаған жоқ. 
Сондай-ақ, жұмыс тобы аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар жасау фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілген жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтіп, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды уақытылы жүргізу қажет екендігін ұсынды.

Жұмыс тобының төрайымы:К. Әбілқақова
Жұмыс тобының мүшелері:А. Омаров,А. Бекжанова,Р. Ерхобаев, Н. Бөжеев,Г. Узакова, В. Остапенко,Г. Слеубаев,А. Төлеген,С. Нұрашев
Жұмыс тобының хатшысы:С. Абитова