Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жобасы


Осы жемқорлыққа қарсы стандарт Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерге жол бермеу және оның қызметкерлері арасында жемқорлық көріністерге атымен төзбеушілікті арттыру мақсатында әзірленген.
1.Қоғамдық қатынас саласының атауы: Алмалы ауданының әкімі аппараты.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: Алмалы ауданының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі.
3.Қоғамдық қатынастардың жекеленген саласында жұмыс істейтін адамдардың іс-әрекет қағидалары:
3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде: Алмалы ауданынң тұрғындарын мемлекеттiк қызметтерді көрсету регламентінде жазылған бизнес-процесстердің мүлтіксіз сақтаумен, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуді қамтамасыз етуге; - Алмалы аудан әкімінің аппаратын қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмыстың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру; - қарастырылмаған құжаттарды сұратуға жол бермеу, мемлекеттік қызметтер мен басқа рұқсат беру функцияларды көрсету барысында әр түрлі төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салуға жол бермеуге; - белгілі міндеттерді орындауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде сәйкессіздіктер анықтаған жағдайда шұғыл өкілетті органға жазбаша түрде хабарлауға; - мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға; - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге; - жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға; - қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға тиіс. 
3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде: - мүдделер қақтығысын болғызбау, туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою үшін шаралар қолдауға тиіс; - бақылау іс-шараларын және шешім шығаруды қажет ететін өзге де іс-әрекеттерді жүргізген кезде мәселелерді объективті қарауға, шешімдерді тек қана заңнамаға сәйкес қабылдауға; - өзінің заңды міндеттерін орындауымен байланысты мемлекеттік қызметшінің құзіретіне кіретін шешімдерді қабылдаған кезде ешқандай материалдық игіліктерді, қызметтер мен ерекше жеңілдіктерді қабылдамау керек; - оларға берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес құзіреттерді жүзеге асыруға тиіс. 
3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау кезінде: - нормативтік құқықтық актілерді әзірлеген кезде Қазақстан Республикасының  2016 жылғы 6 сәуірдегі  «Құқықтық актілер туралы» № 480 Заңын қатаң ұстануға; - олардың мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандығын қозғайтын   жағдайларда алдын-ала қоғамдық талқылаусыз нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауға жол бермеуге; - нормативтік құқықтық актілерді өзіне және өзге адамдарға пайда табу мақсатында қабылдаға жол бермеуге; - айқындалмаған тұлғалар тобына немесе жеке-дара айқындалған тұлғаларға арналуға тиіс. 
3.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезінде: - мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға; - жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге; - іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.
4.Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:
- қарамағындағы қызметшілерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге; - басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсынуға; - еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, берiлген өкiлеттiктердi тиiмдi иеленуге; өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, тұралықпен және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануға; - мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға; - ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге тиіс.

Осы жобаға келтірілетін ұсыныс немесе шағымдарыңызды келесі Email: gpo_almaly@mail.ru және Алмалы аудан әкімінің сайтына жодауыңызға болады