Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Алмалы ауданы әкімі аппаратындағы Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша 2018 жылдың I-ші жарты жылдық ақпараты


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алмалы ауданы әкімінің өкімімен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) сот актілері;
7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.
Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Аудан әкімінің «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қабылданған шешімі Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркеуден өтті, «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» және аудан әкімінің ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Алмалы ауданы әкімінің аппаратында 2018 жылдың 1–ші жартыжылдықта 3 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмыстан босатылған. Олардың ішінде 2 өз еркімен; басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты 1 қызметкер жұмыстын босатылды. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.
Сондай-ақ, шешімге сай 3 ішкі және 3 жалпы конкурс өткізілді, конкурс қорытындысы бойынша 9 үміткер мемлекеттік әкімшілік қызметке жұмысқа қабылданды. Аудан әкімі аппаратында өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Есептік кезеңде Алматы қаласы бойынша Iшкi мемлекеттiк аудит комитетiнен мемлекеттік сатып алудың камералдық тексерісіне қатысты 12 ескерту түсті. Аталған ескертулер бойынша кемшіліктер жойылды.
Алмалы ауданы әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік қызмет түрі» туралы заңына және стандарттарға сәйкес 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет түрін Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және 10 түрін аудандық АХАТ бөлімі көрсетеді.
АХАТ бөлімімен 2018 жылдың 1-ші жартыжылдықта 8911 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді, оның ішіндемемлекеттік органдардан – 1855, ХҚКО - 5882, электронды портал арқылы – 1174 қызмет түрі көрсетілген.
Алмалы ауданы әкімінің аппаратына 2018 жылдың 1-жартыжылдығында жеке тұлғалардан-874 өтініш, ал заңды тұлғалардан-146 хат келіп түсті. Барлық түскен өтінішке заңда көрсетілген мерзімде жауап берілді.


Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы                                                                                                           Н. Бөжеев