Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жаднама


Сыбайлас-жемқорлық дегеніміз не?

Сыбайлас-жемқорлық деген түсінік мағанасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда сындыру, білдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардын, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңы келесідей анықтама береді - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу. 

Пара дегеніміз не?

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде парақорлықпен байланысты екі қылмыс түрі қарастырылған: Пара алу (366-бап) және Пара беру (367-бап).

Бұл екі қылмыс бір жақты: егер пара туралы айтатын болсақ, бұл бір жақта оны алушы бар (пара алушы) және екінші жақта оны беруші бар (пара беруші).

Параға коммерциялық сатып алу дегеніміз не?

Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлiкті заңсыз беру, сол сияқты оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiне қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету (253-бап) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде.

Пара болуы мүмкін: Жемқорлық құқық бұзушылық мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға :

- ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы.

Пара жазалары

Пара алу (366-бап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде)

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

1) қорқытып алу жолымен;

2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

3) iрi мөлшерде;

4) бірнеше рет жасалса, -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса, сол сияқты аса ірі мөлшерде жасалса, -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiкті, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.

Пара беру (367-бап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде)

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айтарлықтай мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекет - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) ірі мөлшерде;

3) бірнеше рет жасалса, -

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның қырық еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса немесе оларды қылмыстық топ жасаса, - мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

Осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты бірінші рет беру, егер осы адам жасаған әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.

Пара берген адам, егер оған қатысты осы Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан параны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Жазаға тарту параға коммерциялық сатып алу (253-бап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде)

Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамға ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге мүлiкті заңсыз беру, сол сияқты оның өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiне қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы қызметтерді заңсыз көрсету -

бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бiрнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не ірі мөлшерде жасалған дәл сол іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер -

мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да мүлiкті заңсыз алуы, сол сияқты өзінің қызмет бабын пайдаланғаны үшін, сондай-ақ параға сатып алуды жүзеге асыратын адамның мүдделерiнде қызметi бойынша жалпы қамқорлығы немесе салғырттығы үшін мүлiктiк сипаттағы көрсетiлетін қызметтердi пайдалануы -

мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:

1)алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаса;

2)бірнеше рет жасалса;

3)қорқытып алумен ұштасса;

4)iрi мөлшерде жасалса, -

мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың төртiншi немесе бесiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса немесе олар аса iрi мөлшерде жасалса, -

мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.

Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттердi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға параға сатып алушылық туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде мүлiктi беру немесе алу, мүлiктiк сипатта қызметтер көрсету немесе мұндай көрсетілетін қызметтердi сыйлық немесе сыйақы ретiнде пайдалану, егер мүлiктiң немесе көрсетілетін қызметтердiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса, онша маңызды болмауына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк тәртіппен қудаланады.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) мәслихаттардың депутаттары;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;

2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;

3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;

4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері теңестіріледі.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.

Мемлекеттік қызметші, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолдануға міндетті.

Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндірудің анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануы, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдануы тиіс.

Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттік қызметші оның жолын кесу және реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

Көпшілік алдында сөйлеу

Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуі тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес немесе;

2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;

3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.

Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады.