Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Алмалы ауданы әкімі аппаратындағы сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша 6 айының ақпараты


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алмалы ауданы әкімінің өкімімен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) сот актілері;
7)ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.
Есептік кезеңде, Алмалы ауданы әкімі нормативтiк-құқықтық сипаттағы 2 шешiм және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша 96 өкiмдер қабылдады.
Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Аудан әкімімен қабылданғанАлматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы шешіміАлматы қаласының Әділет департаментінде тіркеуден өтіп, Алматы ақшамы және Вечерний Алматы газеттерінде, аудан әкімінің ресіми интернет ресурсында жарияланды.
Алмалы ауданы әкімінің аппаратында 2016 жылдың 6 айында3әкімшілік мемлекеттік қызметкер жұмыстан өз еріктерімен босатылған. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.
Сондай-ақ, есептік кезеңде 1 жалпы және 1 ішкі конкурс өтіп, конкурстық комиссияның шешімімен 4 мемлекеттік әкімшілік қызметкер жұмысқа қабылданды.Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылды.Аудан әкімі аппаратында өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ.
2016 жылы Алмалы ауданы әкіміаппаратының қызметіне қатысты тексеруші органдармен 7тексеріс жүргізіліп, 4ұсыныс берілді. 
Берілген ұсыныстар ішінде Алматы қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен мемлекеттік сатып алудың камералдық тексерісіне қатысты 5 ескерту түсті. Оның ішінде, 3 ескерту бойынша Алмалы ауданы әкімінің қызметінің дұрыстығы дәлелденді. Өзге ескертулер бойынша назарға алынып кемшіліктер жойылды.
Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша2, оның ішінде 1 ұсыныс Алмалы ауданы әкімінің қызметінің дұрыстығы дәлелденді. 1 ұсыныс назарға алынып кемшіліктер жойылды.
Алмалы ауданы әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік қызмет түрі» туралы заңына және стандарттарға сәйкес 10 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет түрін Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және 9 түрін аудандық АХАТ бөлімі көрсетеді.
АХАТ бөлімімен 2016 жылдың 6 айында мемлекеттік қызмет түрі – 7801, оның 5986 – ХҚКО, электронды портал арқылы – 738 қызмет түрі көрсетілген.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан комиссия құрылып, комиссияның шешіміменспорттық разрядтар және біліктілік санаттары беріледі.64 азамтқа спорттық разрядтар берілді.
Алмалы ауданы әкімінің аппаратына 2016 жылдың 1-жартыжылдығында жеке тұлғалардан-463өтініш, ал заңды тұлғалардан-258 хат өтініш түсті.
Алмалы ауданы әкімінің аппараты,2015 жылы 25 мамырда Алматы қаласының әкімімен бекітілген, Алматы қаласының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде жұмыстар атқарады.
Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне тапсырылады.
Сонымен қатар, Алмалы  ауданы әкімінің аппарат басшысымен 2016 жылға арналған Алмалы ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс жоспары бекітілді.
Бекітілген жоспар бойынша, ай сайын аудан әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар ұйымдастырылды.Семинарға Алмалы ауданы әкімі  аппаратының қызметкерлері, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары, құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық саласы мекемелерінің қызметкерлері, аудан тұрғындары, шағын кәсіпкерлік, аудандық қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Алмалы  ауданы әкімінің аппаратымен бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Алмалы ауданына Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланды. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

22.08.2016