Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Алмалы ауданы әкімі аппаратындағы сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша 11 айының ақпараты


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алмалы ауданы әкімінің өкімімен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) сот актілері;
7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.
Есептік кезеңде, Алмалы ауданы әкімі нормативтiк-құқықтық сипаттағы 3 шешiм және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша 323 өкiмдер қабылдады.
Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Аудан әкімімен қабылданған шешімдер Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркеуден өтеді.
Алмалы ауданы әкімінің аппаратында 2016 жылдың 11 айында 11 қызметкер жұмыстан босатылған. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.
Сондай-ақ, есептік кезеңде 5 жалпы және 5 ішкі конкурс өтіп, конкурстық комиссияның шешімімен 15 мемлекеттік әкімшілік қызметкер жұмысқа қабылданды. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылды. Аудан әкімі аппаратында өзінің жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ.
2016 жылы Алмалы ауданы әкімі аппаратының қызметіне қатысты 9 тексеріс жүргізіліп, 5 ұсыныс берілді. 
Берілген ұсыныстар ішінде мемлекеттік сатып алудың камералдық тексерісіне қатысты 5 ескерту түсті.  Оның ішінде, 3 ескерту бойынша Алмалы ауданы әкімінің қызметінің дұрыстығы дәлелденді. Өзге ескертулер бойынша назарға алынып кемшіліктер жойылды.
Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша  4, оның ішінде 2 ұсыныс  Алмалы ауданы әкімінің қызметінің дұрыстығы дәлелденді. 2 ұсыныс назарға алынып кемшіліктер жойылды.
Алмалы ауданы әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік қызмет түрі» туралы заңына және стандарттарға сәйкес 10 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет түрін Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және 9 түрін аудандық АХАТ бөлімі көрсетеді.
АХАТ бөлімімен 2016 жылдың 11 айында мемлекеттік қызмет түрі – 16906, оның 11473 – ХҚКО, электронды портал арқылы – 1620 қызмет түрі көрсетілген.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы және ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде комиссия құрылып, комиссияның шешімімен спорттық разрядтар және біліктілік санаттары беріледі. Аталған қызмет түрі Стандартқа сәйкес 30 күнде көрсетіледі. 
Алмалы ауданы әкімінің аппаратына 2016 жылдың 11 айында жеке тұлғалардан – 1829 өтініш, ал заңды тұлғалардан – 660 хат келіп түсті.
Алмалы ауданы әкімінің аппараты, 2015 жылы 25 мамырда Алматы қаласының әкімімен бекітілген, Алматы қаласының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары негізінде жұмыстар атқарады.
Жоспарда көрсетілген мерзімде атқарылған іс шаралар бойынша ақпарат Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне тапсырылады.