Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Сыбайлас жемқорлықпен күрес (25.05.2017)


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәселелер аудан әкімдігі отырысында қаралды. Үстіміздегі жылдың маусым айында  Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының жүзеге асырылуы туралы мәселе қаралды. Жоспардың әрекет ету мерзімі барысында барлық ауылдық округ әкімдері мен жергілікті атқару органдарының басшылары өздері басқаратын мекемелерде   мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс Кодексін сақтау мәселелері  туралы әкімдіктің отырыстарында есеп береді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, орындаушылық тәртібін сақтау мәселелері қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз қоғам мен мемлекеттің құлдырауына әкеп соғатын кері әлеуметтік құбылыспен күресу. Жақында ғана мемлекеттіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарастырылған жауапкершілікті қатайтуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін жағдай тудыратын нормаларды алып тастауға бағытталған түзетулер енгізілді.
Біздің мемлекетіміз басқа да елдер секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізеді. Қазақстан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері бойынша заңнаманы қабылдаған және осы мәселелер бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған, ТМО мемлекеттері ішіндегі алғашқылардың бірі болды.
Қазіргі таңда Заң азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен шығатын қатерлерден мемлекеттік функцияларды орындайтын  лауазымды және басқа да, сонымен қатар оларға теңестірілген тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуін ескерту, анықтау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықты ашу және болдырмау, олардың салдаларын жою және кінәлілерді жауаптылыққа тарту түрінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін анықтайды, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық түрлерін белгілейді, сонымен қатар жауаптылық жағдайын белгілейді.     
Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қасы күресіндегі және азаматтар мен қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудегі күштерін үйлестіруді арттыру үшін «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен өзара әрекеттестік ұйымдастырылған, бірнеше рет бірлескен семинар – кеңестер өткізілді.


Алматы қаласы Әділет департаменті 
ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімнің 
жетекші маманың м.а. 
А.Т.Кайырлыков