Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Алмалы ауданы әкімі аппаратындағы Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша 2017 жылдың2-ші жартыжылдықақпараты


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алмалы ауданы әкімінің өкімімен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) сот актілері;
7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.
Есептік кезеңде, Алмалы ауданы әкімі әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша 62 өкiмдер қабылдады.
Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ.
Алмалы ауданы әкімінің аппаратында 2017 жылдың 2-ші жартыжылдықта3мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмыстан босатылған. Олардың ішінде 3 өз еркімен. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.
Сондай-ақ, шешімге сай 2 ішкі және 7 сыртқы конкурс өткізілді, конкурс қорытындысы бойынша 8 үміткер мемлекеттік әкімшілік қызметке жұмысқа қабылданды. Аудан әкімі аппаратында өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Есептік кезеңде Алматы қаласы бойынша Iшкi мемлекеттiк аудит комитетiнен мемлекеттік сатып алудың камералдық тексерісіне қатысты 12 ескерту түсті. Аталған ескертулер бойынша кемшіліктер жойылды.
Алмалы ауданы әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік қызмет түрі» туралы заңына және стандарттарға сәйкес 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет түрін Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және 10\ түрін аудандық АХАТ бөлімі көрсетеді.
АХАТ бөлімімен 2017 жылдың 2-ші жартыжылдықта9630 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді, оның 6562 – ХҚКО, электронды портал арқылы – 998 қызмет түрі көрсетілген.
Алмалы ауданы әкімінің аппаратына 2017 жылдың 2-жартыжылдығында жеке тұлғалардан-951өтініш, ал заңды тұлғалардан-169 хат келіп түсті.


Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы                                  Н. Бөжеев