Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Институционалдық реформалар саласындағы қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыра жарықтандыру «Меншік құқығын қорғауды күшейту Экономикалық ынтымақтастықты және даму ұйымы үздік жобаларды іске асыру, діни экстремизм және басқа да алдын алу туралы насихаттау» (28.05.2018)


Ұлт Көшбасшысының саяси еркінің арқасында мемлекеттік тәуелсіздікті алған күннен бастап Қазақстан жүйелі және мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында құбылыс ретінде саналатын жемқорлықты жоюды - әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 елдерінің қатарына кіруі бойынша басты басымдықтарының бірі екенін айқындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялықжоспарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Стратегиясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында көрініс тапты. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалды реформаларын жүзеге асыру бойынша алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа басымдықтары белгіленді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, жемқорлық тәуекелдеріне талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жыл сайынғы осы салалардағы жұмыстардың қорытындысымен алдағы уақытқа арналған нақты ұсыныстарды қамтитын Ұлттық баяндама әзірлеу сияқты кешенді заманауи алдын алу шаралары анықталды. Ұлттық баяндаманы дайындау талабы, сыбайлас жемқорлыққа жалпы төзбеушілікті қалыптастыратын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында белгіленген маңызды новеллаға айналуда. 
Баяндаманың негізгі мақсаты елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қорытындыларын объективті талдау және жемқорлықты жоюдың тәжірибелік шараларын жасақтау болып табылады. 2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес баяндама сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті органның, сонымен қатар мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалармен жүргізілетін жұмыстардың қорытындылары негізінде қалыптастырылады. Оны дайындау процесі, құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы No 154 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы» Жарлығымен реттеледі.


Алматы қаласы Әділет департаменті 
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі