Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



"Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының 2015 жылы орындалған жұмыстары туралы ақпарат


"Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының 2015 жылы орындалған жұмыстары туралы ақпарат

2015 жылдың басынан аталған іс-жоспарын жүзеге асыру барысында, Алмалы ауданында келесідей іс-шаралар өткізілді.

1 тармақ бойынша.

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің www.almaly.almaty.kz ресми интернет-ресурсында бастапқы парақшасында (Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспары, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу, сыбайлас жемқорлыққа қарсылық туралы жадынама) құрылымдық бөлімдері бар, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы "тақырыптық баннер орналастырылған.

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің www.almaly.almaty.kz ресми интернет-ресурсында "Алматы аймақтық 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспарын" жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат ұдайы орналастырылады.

29 тармақ бойынша. Алмалы ауданы әкімінің аппараты және барлық аудан аумағында орналасқан мекемелердің, мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асыру барысында, барлық сатып алу және әкімшілік-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы өтеді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері электрондық порталда жарияланады. www.goszakup.gov.kz.

2015 жылдың басынан "Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөнінде 104 конкурс өткізді, оның ішінде: электрондық сатып алу арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен - 1; электрондық мемлекеттік сатып алу тәсілімен – 61; бір көзден алу – 42.

31 тармақ бойынша.

2015 жылы Аудан әкімі халықпен кездесуінде және тұрғындардың қатысуымен өткізілетін жиындарда жемқорлық мәселелеріне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, оның ішінде жемқорлыққа итермелейтін іс-әрекеттер, олардың алдын-алу мәселелері айтылады.

2015 жылдың 05 ақпанда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде студентермен, оқутышылармен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдермен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ескерту және алдын алу мәселелері бойынша» кездесу өткізілді.

2015 жылдың 17 қаңтарында Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2015 жылдың 17 наурызда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті университеттің ғылыми педагогикалық қызметкерлері мен студенттерімен кездесу өткізді. Бұл жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес төрағасы - Бақтияр Камалов, Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қорының жетекшісі Совет Сейітов арнайы қатысып, қоғамымызда белең алып бара жатқан жемқорлыққа жол бермеу туралы ақпарат берді.

2015 жылдың 4 қыркүйекте Алмалы ауданы әкімі аппараты басшысының төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша  аппарат қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  нұсқаулық дайындалып таратылды. 

2015 жылдаң 08 қыркүйекте Алматы Гуманитарлық-педагогикалық колледж студенттерімен «Мәселелер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» ақпараттық күн өткізілді.

36 тармақ бойынша.

2015 жылғы 18 қарашада  Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Алмалы ауданы әкімінің аппараты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе «Алматы қаласының Алмалы ауданында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша» жиналыс өткізді.