Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген шаралар туралы ақпарат


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген шаралар туралы ақпарат 

Алмалы ауданы әкімінің Интернет-ресурсында тұрғындар мазалап жүрген сұрақтарын жолдауға және қойған сұрақтарына тиянақты жауап алуға арналып ашылған «Әкімге сұрақ» атты бөлім бар. 

Одан өзге сайтта тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуі үшін қажетті ақпараттар жарық көретін және мекемелерде, ұйымдарда кездесетін немесе басқа да жағдайларда байқалатын сыбайлас жемқорлық, пара талап ету деректері жөнінде хабарласатын сенім телефондары көрсетілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты бөлім бар. 

Аудан әкімі аппараты ғимаратына кіре беріс фойеде «Біздің парызымыз – халыққа қызмет көрсету», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), мемлекеттік қызметке кірудің тәртібі және тұрғындардың құқықтық сауатын ашуға арналған ақпараттық қондырғылар орнатылған. 

«Нұр Отан» партиясының ұсыныған «Өзіңнен баста» акциясының талаптарына сай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бөлімде кірістерді жария ету декларациялары бойынша ақпараттар келтіріледі. Акция аясында жарияланған аудандағы қызметтік тұлғалар мен «Нұр Отан» партиясының белсенділерінің кірістері жайындағы ақпараттар аудан әкімінің ғаламтор қорында көпшілік назарына ұсынылып отырады. 

Аудан әкімі аппараты тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізіледі және бюджет қаржыларының жұмсалу барысы туралы ақпараттық айқындықтың болуына жағдай жасалынады. 

Жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталында көрестілетін келісім-шарттардың орындалуы және қаражаттардың төленуі жайлы ақпарат аудан әкімінің ғаламтор қорында жарияланып тұрады. Аталған ағымды ақпараттар сыбайлас жемқорлықпен күресуге және сыбайлапс жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралардың ұтымды болуына жұмыстар мен қызметтердің жариялы түрде сатып алынуына жағдай жасайды. 

Тұрақты түрде «Нұр Отан» партиясының аудандық бөлімімен қосыла отырып заңдылықты күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарының орындалуы жайлы мәселелер талқыланатын және жұмыстардың бағыты мен әдістерін нақтылайтын отырыстар өткізіліп тұрады.

«Нұр Отан» партиясының аудандық бөлімінің қызметкерлері қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесе отырып аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды қабылдайды.