Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Экономика ЭКОНОМИКА



Өнеркәсіп


Аудан аумағында 263 өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді. ІІрі және орта кәсіпорындардағы қызметкерлер саны - 110 822. Орташа айлық жалақы 170 715 теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110,7% құрады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына   аудан бойынша 46 кәсіпорын қатысты. Оның ішінде қаражаттандыру бойынша – 33 жоба, жалпы сомасы 19,8 млрд. теңге, қаражаттандыру сомасы – 3,2 млрд. теңге, 13 кәсіпорын – кепілдік бойынша, жалпы сомасы 189 млн. теңге. «Даму» АҚ кепілдендіру сомасы – 102,3 млн.тг.  

«Жібек Жолы» бағдарламасы бойынша 14 кәсіпкер жалпы сомасы 838,6 млн. теңге жеңілдетілген несие алды, 80 жұмыс орны ашылды. 

«2015-2019 жж. индустрияландыру Картасының» екінші бесжылдығы аясында 3 компания қатысады, инвестиция көлемі 7,3 млрд. теңге. Мемлекеттік қолдау аясында «Металл пром» АҚ-на  Алатау ауданындағы Өндірістік аймақтан жер телімі бөлінді. «Алматы ашытқы зауыты» АҚ-на қаржыландырудағы пайыздық төлем бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді. 

Ай сайын шағын және орта бизнестің өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жүргізіледі. Ауданда 25 939 шағын бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде 14 703 әрекет ететіндер (2015 ж ылы тіркелгені –  24 335, оның ішінде әрекет ететіндер -14 283). Орта және шағын бизнес субъектілерінен түскен салық түсімінің үлесі  жалпы сомада 58% құрады.

Жаңа өндіріс орындары мен кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің ашу, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тапсырмалардың орындалуына ерекше көңіл бөлінеді. 4292 жұмыс орны құрылды, орындалуы – 110%  құрады. Оның ішінде сауда кәсіпорындарында – 1413, өнеркәсіпте – 279, құрылыста – 390, көлік және байланыс кәсіпорындарында – 280, білім мекемелерінде – 143, денсаулық сақтау мекемелерінде – 151, басқа мекемелерде – 1636.