Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Қазақ ұлттық асханасындағы ұмытылған тағамдарды жаңғыртуға арналған байқауға қатыс


Қазақ ұлттық асханасындағы ұмытылған тағамдарды жаңғыртуға арналған байқауға қатыс

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты Қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған, заманауиындырылған тағамдардың аудандық ашық байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты: Қазақ ұлттық асханасының көпғасырлық дәстүрін сақтап қалу және танымал ету. Ұмытылған ұлттық тағамдарды жандандыру және жаңа тағам түрлерін жарату.

Байқаудың міндеттері:

• қазақ ұлттық асханасына деген қызығушылықты арттыру;

•қазақ ұлттық асханасындағы ұмытылған тағамдарды жаңғырту және дәстүріне, үйіне, туған жеріне, отанына деген махаббатын арттыру;

•қазақ ұлттық асханасының тағамдарын мейрамхана кәсібі және қоғамдық тамақтану саласына тарату;

•қазақ ұлттық тағамдарын дайындау барысында пайдаланылатын экологиялық таза өнімдерді сатып алу арқылы фермерлер, шаруа қожалықтары мен диқандарға қолдау көрсету.

Байқауды өткізудің реті мен шарттары:

Байқаудың нысаны ұмытылған қазақ тағамдары мен өнімдерін дайындау және ұсыну болып табылады.

Ұлттық тағамдар мен өнімдер:

  • Еттен жасалған суық тағамдар мен жеңіл тағамдар;
  • Ыстық тағамдар;
  • Сұйық тағамдар;
  • Сүтті тағамдар;
  • Тәтті тағамдар;
  • Ыстық және суық сусындар;
  • Қазақ аспаздық өнімдер;
  • Ұннан жасалған тағамдар.

Ұлттық мерекелердегі өнер дәстүрлер мен өнерлер:

  • Шай дастарханы;
  • Жеңіл тамақ дастарханы;
  • Түскі дастархан;
  • Десертті дастархан;
  • Той дастархан.

Барлық қатысушыларға жалпы ереже: Мүмкіндігінше тамақ дайындаудағы барлық азық-түліктер тиісті сертификаттар мен басқа да қажетті құжаттары бар отандық өнімдерді пайдалану қажет. Байқауды ұйымдастырушылар байқау өтетін жерді және мынадай жабдықтармен қамтамасыз етеді: электр плитасы, таңазытқыш, блендер, өнеркәсіптік үстелдер мен сөрелер және жуу орыны.

Тамақ дайындайтын азық-түліктер қатысушы тарапынан сатылып алынады. Аспаздық құралдар, ыдыс-аяқтар мен шағын жабдықтар берілмейді.

Аспаздар мынадай кәсіби киімде болуы керек: куртка, қалпақ, шалбар, ал жапқыш, арнайы аяқ-киім. Сондай-ақ, аспаздардың өзімен бірге санитарлық кітапшасы болуы қажет.

Аспаздар жеке басының тазалығы нормаларын сақтауы лазым.

Азық-түлікке қойылатын талаптар:

  • Қолданылатын өнімдер (шикізат, қосындылар) санитарлы-гигиеналық талаптарға сай болуы керек;
  • Ұлттық тағамды дайындауда мүмкіндігінше жергілікті өнімді пайдалану жөн. Сондай-ақ, фермер, шаруа қожалықтары мен диқандар және жеке тұлғалардың аты-жөнін көрсету шарт.
  • Жасанды бояғыштар, дәмдер, дәм жақсарқыштарды пайдалануға жол берілмейді;
  • Азық-түліктер ерекше сапалы болуы маңызды.

Эстетикалық және сыртқы түрін жоғалтқан тамақтар қатысушы мен ұйымдастырушы келісімімен алынып тасталынады.

Қатысушылар дәм тату үшін әділқазылар мен көрермендерге берілетін тағамдар мен өнімдердің сапасы үшін жауапты болады.

Байқауға қатысуға ниет білдірушілер өтінішін (өтініш үлгісі қосымшада) 2016 жылдың 17 сәуіріне дейін Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (211 бөлме) тапсыруға болады.

Алмалы ауданы әкімінің аппараты,Абылай хан даңғылы., 211 бөлме. Байланыс телефоны:                    261-26-08.

Приложение 1

Қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған, заманауиындырылған тағамдарының байқауына қатысуға

ӨТІНІШ

Қатысушының аты-жөні, тегі (толық)_____________________________________________

____________________________________________________________________________

Туылған жылы, айы, күні _______________________________________________________

Жұмыс орны __________________________________________________________________

(мекеменің толық атауы )

Мекеменің мекен - жайы________________________________________________________

Қатысушыға серік аспаздың аты-жөні (толық)

_____________________________________________________________________________

Аспаздың жұмыс орны _________________________________________________________

(мекеменің толық атауы )

Мекеменің мекен - жайы ________________________________________________________

Сертификатының болуы (нөмір, қашан және кіммен берілді, жарамдылық мерзімі) ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Санатын көрсете отырып, қызметі________________________________________________

Білімі________________________________________________________________________

Телефон, факс, e-mail __________________________________________________________

Қысқа биографиялық анықтама (жалпы еңбек өтілі, марапаттары, біліктілігін арттыру және жетістіктері туралы міндетті түрде көрсету)

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қатысушыға серік аспаздың жұмыс істейтін мекеме басшысының қолы _________________________________(инициал, тегі)

2016 жылғы “_____” _____________________

МО