Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

05.04.2016

«Нео-фольклор» киімдер дизайнерлері байқауына қатысып, өзіңді дизайнер ретінде сынап көр!


«Нео-фольклор» киімдер дизайнерлері байқауына  қатысып,  өзіңді дизайнер ретінде сынап көр!

«Нео-фольклор» киімдер дизайнерлері байқауына шақырамыз. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты«Нео-фольклор» киімдер дизайнерлерінің аудандық ашық байқауын жариялайды.Байқаудың мақсаты: Этникалық ерекшелігі мен әртүрлілігін қазыргі заманғы сән үлгілерімен ұштастыра отырып, бірегей мәнге ие қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдеріне назарын аударту. Дизайнерлер киімдерінің инновациалық әлеуетіне қолдау көрсету және дамытуға жағдай жасау, Қазақ ұлттық асханасының көпғасырлық дәстүрін сақтап қалу және танымал ету. Ұмытылған ұлттық тағамдарды жандандыру және жаңа тағам түрлерін жарату.

Байқаудың міндеттері:

• Қазақ ұлттық мәдени құндылықтарын жандандыру;

• Қазақстанды бірегей тарихи-мәдени мұралы ел ретінде таныстыру;

• Қазіргі заманғы киімдерге қазақтың бірегей ұлттық элементтерін пайдалануға назар аударту;

• Ғылым мен өндіріс арасындағы шығармашылық байланысты күшейту және байланыс орнату;

• Қазақ ұлттық киімдеріндегі элементтерді құру арқылы дарынды шеберлерді, жаңа ұжымдарды және авторлық орталықтарды анықтау және жарнамалау;

• Тәжірибе алмасу.

Байқаудың тәртібі және өткізу шарттары

Байқауға кәсіби модельерлер, киім-кешек дизайнерлері, әуесқойлары, костюмдер дайындау бойынша шығармашылық шеберханалар, шығармашылық ұжымдар, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, орта және жоғары оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептерінің шығармашылық мамандықтары бойынша оқушылары мен мұғалімдері, сән орталықтары және театрлары, сондай-ақ ұлттық костюм саласында жұмыс істейтін мамандар қатыса алады.

Аталған байқауға қатысушы үміткерлер арасында конкурстық іріктеуді дизайн және мәдениет саласындағы мамандардан тұратын қазылар алқасы жүргізеді. Байқаудың қазылар алқасы – атақты дизайнерлер, шығармашылық одақтардың, кәсіби бірлестіктердің мүшелері, халықаралық сән конкурстарының және fashion-индустриясының өкілдері.

Байқау үш кезеңде өткізіледі.

Бірінші кезең – аудандық деңгей. Байқауға қатысуға өтінімдер
2016 жылдың 17сәуіріне дейін қабылданады. Аудандық байқауға қатысушылар «нео-фольклор» стилінде 1 модель ұсынуы қажет.

Екінші кезең – облыстық деңгей (қалалық Астана және Алматы қалаларына). Аудандық байқаудың жеңімпаздары 2016 жылдың
1 маусымына дейін өткізілетін облыстық (қалалық Астана және Алматы үшін) деңгейге қатысуы тиіс. Облыстық байқауға қатысушылар
«нео-фольклор» стилінде 3 модельден тұратын топтаманы ұсынуы қажет.

Үшінші кезең – республикалық деңгей. Облыстық, қалалық Астана және Алматы қалалары үшін байқаудың жеңімпаздары 2016 жылдың
30 маусымында Тараз қаласында өткізілетін республикалық деңгейге қатысады. Республикалық байқауға қатысушылар «нео-фольклор» стилінде
5 модельден тұратын топтаманы ұсынуы қажет.

Конкурстың мәні "Көктем-Жаз-2016" әлемдік сән маусымының үрдістеріне сай қазақ ұлттық киімінің дәстүрлері мен өнерінің синтезі нәтижесінде құрылған, «нео-фольклор» стиліндегі модель (бейне) немесе топтама болып табылады.

- киім;

- бас киімдер;

- аяқ киім;

- аксессуарлар.

Қосымша 1

«Нео-фольклор» киім-кешек дизайнерлерінің

байқауғақатысутуралы

ӨТІНІМІ

Аты-жөні, тегі

 

Туылған жылы

 

Үйдің мекенжайы\

 

Байланыс телефондары

(ұялы телефоны, эл. поштасы)

 

Білімі

 

Жұмыс орны

 

Өмірбаяны туралы

қысқаша анықтама

 

05.04.2016