Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

05.04.2016

Алмалы ауданында "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы бастау алуда


Алмалы ауданында "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауы бастау алуда

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы туралы» өкімін орындау үшін Алмалы ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының 1 кезеңі өткізіледі.

Байқаудың мақсаты –өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылық жауапкершілігінің маңыздылығын мойындау, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ, қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу болып табылады.

Байқауға қатысуға мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылары жіберіледі.

Байқауға қатысуға өтінім аудандық комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1. ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2. асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3. неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4. ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5. балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6. балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7. ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8. отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік саладағы, ғылымдағы жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Ұлттық байқауға қатысуға ниет білдірушілер құжаттарын 2016 жылдың 4-28 сәуір аралығына дейін Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тапсыруға болады.

Алмалы ауданы әкімінің аппараты,Абылай хан даңғылы., 211 бөлме. Байланыс телефоны:                    261-26-08.

05.04.2016