Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

30.12.2014

Алматы әкімінің шыршасы өтті


Бүгін Алматыда қала басшысы Ахметжан Есімовтің шыршасы өтті. 1700-ге тарта оқу озаты, белсенді оқушылар мен тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және жетім балалар қазақ мемлекеттік циркінде өткен салтанатты мерекенің куәсі болды. Қала басшысы әр оқушының балалық шағында Жаңа жыл мейрамының ерекше орын алатынын жеткізді. Сонымен қатар әкім қалада жас жеткіншектердің өсіп-жетілуіне жан-жағдай жасалып отырғанын айтып өтті. «Алматы - елдің қаржылық-экономикалық, ғылым-білім, мәдени спорттық орталығы екені рас. Қаланың осы тарихи рөлін сақтап қалу үшін сіздер мен біздер көп оқып, еңбектеніп, жан-жақты жетіле түсуіміз керек. Соңғы 5 жылда 95 білім беру нысаны салынды. Олардың бәрі заманауи құрал-жабдықпен қамтылды. Бұл сіздердің барынша терең білім алуларыңыз үшін жасалды», - деді қала әкімі. Бүлдіршіндер назарына «Жаңажылдық ертегі» атты цирк ертегісі қойылды. Олар сайқымазақ, әуе акробаттары, өзге де өнерпаздардың нөмірін тамашалады. Әр балаға әкімнің арнайы сыйлығы ретінде планшет табыс етілді.
30.12.2014