Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Аким Алматы зажег главную елку города 02.12.2014

Алматы әкімі қаланың басты шыршасының алауын жақты


Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жыл сайынғы дәстүрмен Республика сарайының алдындағы Абай алаңына орнатылған қаланың басты шыршасының алауын жақты.

Ең алдымен сахнаға шығып, жиналған жұртшылықтың көзайымына айналған Аяз ата мен Ақшақар бүгінгі салтанатты шараға құрметті қонақ ретінде бірқатар тұлғаларды шақырды.

КСРО халық әртісі, Алматы қаласының құрметті азаматы Әлібек Дінішев, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, сәулетші Тимур Сүлейменов, бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионы Назым Қызайбай, Азия ойындарының екі мәрте қола жүлдегері Айсұлу Наурызбаева, бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, 2014 жылғы Қазақстан аруы Регина Вандышева, 2014 жылы Испанияда өткен пианистер байқауының бірінші орын жүлдегері Алтынай Баймолдаева, 2014 жылы Санкт-Петербор қаласында өткен пианистер байқауының бірінші орын жүлдегері Милана Фильченко, «Алматым жүрегімде» байқауының жеңімпаздары: «Арман» дуэті Ғазизхан Шекербеков пен Ботагөз Алтынбековалар көрермендердің қызу қол шапалақтауымен сахнаға шықты.

Артынша Аяз ата сахнаға қала әкімі Ахметжан Есімовты шақырды. Қала басшысы тұрғындарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Елбасының тәуелсіз Қазақстан халқының бақытты болашағы жолындағы қажырлы еңбектерін айта келе, биылғы жылдың Алматы қаласы үшін табысты жыл болғандығын айтты.

«Биылғы жыл Алматы қаласы үшін шынында да өте қызықты әрі табысты жыл болды. Енді осы жылды жақсылап аяқтап, Жаңа жылды бастауға дайындалып жатырмыз. Өздеріңізге мәлім, біз биылғы жылды Білім жылы деп жарияладық. Талай мектеп, бала бақшалар салынды. Оқу жүйесін қаржыландыруға қомақты қаржы бөлінді. Соның арқасында біздің мектептер өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Жыл сайын республика бойынша тек бірінші орыннан көрініп келеміз. Сондықтан, келесі жылы да осы бағыттан таймауымыз керек. Қаламыз бұдан кейін де көрекейіп, өсе береді. Ал балаларымыз бізді ылғи да қуантып жүреді деген үміттемін. Келе жатқан Жаңа жыл елімізге тек жақсылық әкелсін! Аман сау, бақытты болыңыздар!» - деді А. Есімов.

Осыдан кейін Аяз ата мен Ақшақардың өтініші бойынша Ахметжан Смағұлұлы алдындағы арнайы түймені басып, қаланың басты шыршасының шамдарын жақты. Шыршаның алаулаған шамдары көздің жауын алып, жарқ етіп жанған замат, Алматы аспанында мерекелік салют атыла бастады. Құлақ тұндыра 5-7 минут бойы толассыз жарқылдаған отшашулар Республика алаңына жиналған мыңдаған қалалықтар мен қала қонақтарын және балаларды тәнті етіп, қуанышқа бөледі.

Ол аяқталған соң, жиналған жұртшылыққа арналған мерекелік концерт басталды.

02.12.2014