Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Благотворительная ярмарка «Подари детям радость» 18.12.2014

«Балаларға қуаныш сыйла» акциясы


Алмалы ауданында «Мега Парк» сауда сауықтыру орталығында «Балаларға қуаныш сыйла» жалпы қалалық қайырымдылық акциясы өтті.

Шараның бастамашысы - бала босану мен бала күтімімен демалыста отырған белсенді жас аналардан құралған, осы шараға аттас еріктілер тобы. Акция барысында сатылымдардан түскен барлық қаражат «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Менің балалық шағымның ауласы» жобасына бағытталатын болады.

«АЯЛА» қайырымдылық қорының бұл жобасы шеңберінде еліміздегі балалар ауруханасы, шипажайы, балабақша және түзету интернаттар ауласында 25 балалар ойын алаңы салынды.

«Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық акциядан жиналатын барлық қаражат Алматы қаласы № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған балалар алаңы құрылысына жұмсалатын болады. Аталған балалар үйінде мүгедек, даму қабілеттерінде ақаулары бар және аналары бас тартқан, туылған күнінен 4 жасқа дейін тәрбиеленетін 33 бала қамқорлыққа алынған.

Акция бағдарламасында жас аналардың қолынан шыққан (тоқылған, тігілген, теріден, моншақтан жасалған бұйымдар, кәде сыйлықтар, ойыншықтар мен т.б) және кәсіби визажист, фотограф және балалар аквагримі ұсынылды.

18.12.2014