Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Презентован web-портал «Энциклопедия Алматы» 21.12.2014

«Алматы энциклопедиясы» WEB-порталының таныстырылымы өтті


Алматыда жаңа қазақстандық «Алматы энциклопедиясы» WEB-порталының тұсауы кесілді. Ол оңтүстік астананың тарихы мен дамуына арналған.

Көп ғасырлық тарихы бар Алматы - бүгінде республикалық маңызға ие қала және еліміздің қаржылық, экономикалық, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады.  

Жаңа WEB-порталды аса ірі қазақстандық web-ресурстардың бірі десек артықшылық етпес. Онда Алматының тарихы мен қазіргі тыныс-тіршілігі жайында жан-жақты, толыққанды ақпараттарды барынша тез алуға болады. Ақпаратқа қолжетімділік жүйесі өте ыңғайлы жасалған.

«Алматы энциклопедиясында» 1700 астам мақала мен 3000 бірегей фотосурет топтастырылған. Олардың көбісі көпшілік назарына бірінші рет ұсынылып отыр. WEB-порталдың ақпараттары тұрақты түрде жаңаланып тұрады. Дерек қоры толықтырылып, ақпарат көздерінің саны артуда.

Аталмыш сайт, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша жасалды.

21.12.2014