Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Алмалы ауданының денсаулық сақтау мекемелері қызметінің негізгі қорытындылары


Ауданда денсаулық сақтау жүйесінде 17 мемлекеттік, 9 республикалық, 287 жеке емдеу-сауықтыру мекемелері және 80 дәріхана қызмет көрсетеді, 1 294 дәрігер, 2 382 орта және 885 кіші медициналық, сонымен қатар 621 өзге қызметкерлер жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде денсаулық сақтау саласының көптеген көрсетікіштері бойынша жақсы жетістіктер көрсетті. 

Денсаулық сақтау саласында ауданымыз қала бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің  рейтингі бойынша ауданның барлық медициналық мекемелері республиканың алғашқы 20 үздіктері  қатарына енгізіліп, оның ішінде №1 перзентхана республика бойынша ең үздік деп танылды.

Перзент балалардың өлу деңгейі 1000 перзентке – 7,9%  (2011 ж. – 8,7%). Өткен жылмен салыстырғанда 0,8% төмендеді. Ана өлімі орын алған жоқ (2012 ж. орын алмады, 2011 ж. 1 жағдай)

2013 жылдың басынан бастап туберкулез ауруының деңгейі 100 мың  адамға шаққанда 10,8, 2012 жылдың аталған уақытына 6,8 құрады. Ал аудан бойынша алғашқы рет анықталғандар саны 21, былтырғы жылдың осындай уақыт мерзіміне 13 ауру тіркелген.

Бүгінгі күні 9448 адам тіркеуге алынған, ол былтырғы жылмен салыстырғанда  7% төмен. Олардың ішінде: маскүнемділік 8832 адам (2012 ж. - 9341)  5,4% төмен, нашақорлық бойынша 616 человек (2012 ж.- 825) 25%  төмен.

Ісік аурулары бойынша 129 адам  «Д»  тіркеуіне алынып, деңгейі 1,2 % ұлғайды. Ісік ауруының алғашқы сатысында 1,0% анықталып тіркеуге алынғандар саны ұлғайды, ал асқынып кеткен түрлерінің саны 4,4% ұлғайды.

Аталған бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасуда және әрдайым бақылауда.