Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
ТКШ ТКШ



ТКШ


Алмалы ауданының аумағында 1402 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан. 2018 жылы  40 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жөнделді, оның ішінде, 35 тұрғын үйдің қасбеті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында,  4 тұрғын үй «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша,1 үй ПИК қаражаты есебінен жөнделді. Сонымен қатар 27 көппәтерлі тұрғын үйлерде  70 лифт жабдықтары ауыстырылды. 320 тұрғын үйде жылу қуатын есептегіш құралдары орнатылды. 
Тұрғындармен аудан аумағындағы өздері пайдаланған қаланың эстетикалық келбетіне сай келмейтін, құқығын белгілейтін құжаттары жоқ 119 темір көлікжайлар бұзылды.
Ауданның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ұзындығы 168 п.м.  су және 2330 п.м.  кәріз желілері, 3823 п.м. жылу желілері қайта құрылды. 
2018 жылы жалпы ұзындығы 4848 п.м. газ желілері құрылысы жүргізілді. Бүгінгі таңда аудандағы газ желілерінің жалпы ұзындығы 252,6 км. құрады. Сонымен, аудан аумағындағы жеке тұрғын үйлер 100% газбен қамтылды.
Бюджеттік бағдарлама аясында аудан аумағындағы 60 аула аумағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және 120 аула аумағы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалды.   
«Ескі тұрғын үй» бағдарламасы аясында «Диал Строй» ЖШС мен «ВЕК-Инвест Девелопмент» ЖШС мекемелері 2  көпфункционалды тұрғын үй кешендерінің құрылысын бастады:
1.«Elif Towers» тұрғын үй кешені - «Диал-Строй» ЖШС, Гоголь көшесі мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында. (Мәуленов көшесі, №46,50 үйлер); 
2.«Otau» тұрғын үй кешені - «ВЕК-Инвест Девелопмент» ЖШС, Жамбыл көшесінде Байзақов көшесі мен Жұмалиев көшелерінің аралығында.
«Asem Nur Plaza» көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспарлануда («Диал-Строй» ЖШС, Төле би көшесі  мен Әуезов көшелерінің қиылысы солтүстігі).