Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
ТКШ ТКШ



Түкш жаңғырту бағдарламасы туралы


Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасы нені қарастырады 
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 8-15 жыл ішінде тұрғындарға қайтару шартымен көп пәтерлі тұрғын үйлерге (қасбеті, шатыры, кіреберістері, жертөлелері, инженерлік желілері, жеделсатыларды ауыстыру) күрделі жөндеу жүргізу. Бұл ретте үй-жайға (пәтерге) жүктелген берешек меншік иесінің қалауы бойынша мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін. Ақша қаражатын қайтару кезінде пәтерге қандай да бір ауыртпалық жүктелмейді.

Бағдарламаға қатысу үшңн қажетті іс-әрекеттер 
Бағдарламаға қатысу үшін тұрғындар жалпы жиналыста тұрғын үйге жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдайды және үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері арасынан жауапты тұлғаларды таңдауды жүзеге асырады (Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 42-1 бабының 5 тармағына сәйкес меншік иелерінің жалпы арасынан кем дегенде 66% - ға келісімі қажет). Жөндеу жүргізу алдында тұрғындарға келісуге алдын ала смета құрастырылады және беріледі. Осы құжаттар бекітілген жағдайда, «Алматы тұрғын үй» ЖШС ЖСҚ әзірлеуге және үйлердің күрделі жөндеуіне ақшалай қаражат бөлуге бюджеттік өтінім береді.

Жөндеу жүргізу кезеңдері 
1 – кезең.Жөндеу жүргізуге тұрғындардың келісімін алу (меншік иелерінің жалпы санынан кем дегенде 66% дауыс), бұл үшін "Алматы тұрғын үй" ЖШС мамандандырылған уәкілетті ұйымы (МУҰ) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасы шеңберінде берілген өтінімдер негізінде жалпы жиналыста қарау және бекіту үшін тұрғындарға берілетін алдын-ала ақау актісін және сметасын жасайды.
2 – кезең.Жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеу және сараптама қорытындысын алу - тұрғындар мақұлдағаннан кейін, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін жобалау ұйымы тартылады және сараптау жүргізіледі.
3 – кезең.Сараптамадан өткеннен кейін, түпкілікті сметалық есептерді тұрғындарға және басқару органына (ПИК) бекіту үшін тапсыру.
4 – кезең.Жөндеу жүргізуге "Алматы тұрғын үй" ЖШС мамандандырылған уәкілетті ұйымы (бас мердігер), қосалқы мердігер, басқару органы (ПИК) және тұрғындар (бастамашыл топ) арасында шарт жасасу.
5 – кезең.Жөндеу жұмыстарын жүргізу – жөндеу барысына және сапасына бақылауды жүзеге асыру үшін техникалық және авторлық қадағалауды тарта отырып, тұрғын үйді жөндеу.
6 – кезең.Үй-жайлардың (пәтерлер) меншік иелерімен орындалған жұмыстарды қабылдау және әрбір пәтердің алып отырған алаңдарына сәйкес есептелген жүргізілген жұмыстарға ақы төлеуге шоттар ашу. Орындалған жұмыстарды төлеу коммуналдық төлемдерді төлеу бойынша түбіртектер арқылы жүргізіледі.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға деінгі Бағдарламасының артықшылықтары 
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасына қатысқан жағдайда пәтерлердің меншік иелері жүргізілген жөндеу жұмыстарына бөліп, пайызсыз және үстеме ақыларсыз, сондай-ақ жалпы қарыздың бүкіл мерзімін өтеу ішінде мөлшерін ұлғайтпастан төлейтін болады.
Бұдан бөлек, Бағдарлама бойынша күрделі жөндеу Шатырдан су ағу, қасбеттік қабырғалардың және жалпы пайдаланымдағы инженерлік желілердің ескіруі мәселесін ұзақ уақыт шешуге, нормативтік мерзімін өтеген лифтілерді жаңа және қауіпсізіне ауыстыруға мүмкіндік береді, демек, тұрғын үй жағдайларын жақсартады.
Сонымен қатар, заманауи материалдарды қолданумен шатырларды жөндеу жоғарғы қабаттардағы пәтерлерде жылу шығындарын төмендетуге жетуге, су басу қаупін жоюға мүмкіндік береді, және нәтижесінде тұрғындар жылы, құрғақ және сенімді шатырды алады.
Осыған ұқсас, қасбетті және кіреберістерді жөндеу, бірінші кезекте, тұрғын үйдің сыртқы түрін жақсартады, қабырғалардың сылануының және кіреберіске арналған жаңа терезелерді орнатудың арқасында жылу жоғалтуды төмендетеді.
Жөндеу жүргізу сондай-ақ тұрғын үй қорының эстетикалық жай-күйіне, атап айтқанда, магистральдық көшелердегі үйлердің қасбеттерін бірыңғай сәулеттік стильге келтіруге оң әсер етеді.
Сондай-ақ, мердігерлік ұйымдар олармен орындалған жұмыстарға 5 жыл мерзімге кепілдік ұсынады, сапасын бақылау және бекітілген сметадан ауытқуға жол бермеу үшін техникалық және авторлық қадағалау тартылады.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш беру тәртібі 
Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен аз қамтамасыз етілген отбасыларға осы елді мекенде тұрақты тұратындарға (азаматтарға):
тұрғын үй-жайларда(пәтерлерде) тұратын отбасыларға (азаматтарға) немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатындарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарды;
тұрғын үй-жайларда(пәтерлерде) тұратын отбасыларға (азаматтарға) немесе тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатындарға коммуналдық қызметтерді тұтыну және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
3) жергілікті атқарушы орган жалдаған жеке тұрғын үй қорынан үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына төлеуге беріледі.
Тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) шығындары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін уәкілетті органға өтінішпен және мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;br /> 2) Тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасы не азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) пәтерді күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерлері туралы шоттың көшірмесі;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың көшірмесі;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жергілікті атқарушы органмен ұсынылған, жергілікті атқарушы орган жалдаған жеке тұрғын үй қорынан үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың көшірмесі;
9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұратындардың тәулік уақыты бойынша электр энергиясының дәлдік класы 1-ден төмен емес шығынын саралап электр энергиясының бір фазалық есептеуіш құны шотының - түбіртектің көшірмесі.
Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тұрғын үй көмегін төлеу алушылардың үйіне соманы төлеу немесе карточкалық ағымдағы шотқа есептелінген сомаларды аудару жолымен жүргізіледі.
Бұл ретте, тұрғын үй көмегін:
егер отбасында еңбекке жарамды аз қамтылған отбасылар (азаматтар), туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған, кезең үшін стационарлық емдеуде бір айдан аса күтуді жүзеге асыратын бірінші және екінші топтағы мүгедектер, мүгедек-балаларға, сексен жастан асқан тұлғаларға, және жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен жұмыспен қамтылған тұлғаларды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалар;
егер ата-аналары ажырасқан және олармен бірге тұрып жатқан балаларға алимент өндіру туралы талап бермеген; егер жеке меншік құқығында бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй-жайды жалдауға (жалға алу) тапсыратын отбасылар ресімдей алмайды.