Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Әйелдер үшін зейнеткерлік жастың өзгеруі


«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңынасәйкес, 2018 жылғы 01 қаңтардан  бастап әйелдердің зейнеткерлік жасының 2018жыл мен 2027 жыл аралығында кезең-кезеңмен көтерілуін көздейтін нормак үшіне енеді. Ол жыл сайын алты айдан қосылып, 10 жыл бойы жүзеге асырылатын болады. 
2018 жылғы 1 шілдеден бастапзейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне қарай тағайындалатынбазалық зейнетақы төлемдерін тағайындау әдістемесінің өзгеруі көзделеді. Базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға ғана тағайындалатын болады: 63 жас - ер адамдар үшін, 58 жас және 6 ай - әйел адамдар үшін.
Зейнеткерлік өтілге не кіреді:
Зейнеткерлік өтілге: ынтымақты жүйесінде жинақталған, 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі; міндетті зейнетақы жарналары төленген аралықты қарастыратын жинақтау өтілі; бала үш жасқа толғанға дейінгі, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек баланың күтімі; әскери қызметкермен, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерімен, дипломатиялық жұмыскерлермен және т.б. бірге тұрған уақыты.
Бұл өзгерістер 2018 жылғы 1 шілдеден бастапбазалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін зейнеткерліктегі және жаңадан зейнеткерлікке шығатын адамдарғақолданылады.
Зейнетақы есептеу әдістемесі:
Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс істеп, БЗЖҚ-ға аударымдар жасаған болсанемесе мүлдем жұмыс істемеген болса, оған базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ы мөлшерінде тағайындалады. 10 жылдан астам жұмыспен өтелген әрбір жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ғаарттырылады. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілінде базалық зейнетақының мөлшері  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жылда - 94% құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан да көп жылды құраса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ын құрайды.
Зейнеткерлік жасты көтерудің кімдерге қатысы болмайды: 
Қазақстандазейнеткерлік жастың көтерілуі қазіргі кезде зейнеткерлікке ерте шығуға жеңілдігі бар әйелдерге қатысы болмайды. Бұл бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер. Олар 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы болады. Сонымен қатар1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 05 шілде аралығы кезеңінде төтенше және барынша көп радиациялық қауіпі бар аймақтарда кем дегенде 5 жылуақыт тұрған әйелдердің 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқықтары бар.
Зейнетақы ресімдеуге өтініш беру мерзімдері бойынша:
Егер әйел азамат зейнеткерлік жасқа (58 жас) 2017 жылғы 10 қарашада толып, уақытында, яғни, 2017жылғы 31 желтоқсанға дейін жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш бермей, тек 2018 жылғы қаңтар айында келсе, онда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес, өтінішімен және құжаттар топтамасымен жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындауға 58,6 жасқа толғанда ғана өтініш бере алады. 

Зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен көтеру кестесі