Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік желілердің рөлі


XXI ғасыр -жоғары технологиялар заманы. Жаңа технологиялар заманында интернет те қарқынды дамып, адамдардың тіршілігіне орасан зор ықпал етіп отыр. Соңғы зерттеулерге сүйенсек қазіргі таңда ақпарат тарату бойынша интернет алдыңғы қатарға шығып отыр. Тіпті дәстүрлі ақпарат таратушы байланыс құралдары газет, теледидар, радио интернетте жеке сайт және әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашып, электронды ақпарат құралдарының саны күннен-күнге өсуде. 
Статистикалық мәліметтерге сәйкес Қазақстан халқының 80%-ы әлеуметтік желілерді пайдаланады. Қазақстанда ең көп қолданушысы бар әлеуметтік желі «ВКонтакте». Жалпы 2 миллион белсенді тіркелушісі бар.  Одан кейін Instagram желісіне 1,5 млн адам тіркелген. Әлемдегі ең танымал желі «Facebook» желісіне 2,5 миллион адам тіркелген. Бірақ, оның 390-ы ғана белсенді болып танылады. «Twitter» желісіне 28 600 адам тіркелген. 
Жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша, қазіргі қазақстандық жастар бос уақытта айналысатын істердің формалары ретінде мыналарды дұрыс көреді: достарымен кездесіп сөйлесу (59,7%); үй жұмысымен айналысу (58,5%); телевизор көру (55,7%), музыка, видео (52,0%); жай ғана демалыс (48,4%), интернет (47,1%). Эмпирикалық мәліметтер респонденттердің тұрғылықты аймағы бойынша келесі ерекшеліктерге ие екендігін көрсетеді: Павлодарда интернет  пен компьютер алдында бос уақытын өткізетіндер саны(11,8%) Қазақстанның өзге аймақтарымен салыстырғанда 4 есеге төмен болып шықты. Оңтүстік астананың жас тұрғындары театр, концерт, кино сынды мәдени орындарға ең көп (35,3%) барады. 
Интернет – бос уақытты өткізудің ең маңызды формасы болып табылатындығымен респонденттердің 47,7% келіседі, 45,7% келіспейді. Жалпылай алғанда, Қазақстан жастары кез-келген әлеуметтік белсенділікпен айналыспайтын бос уақытты үйде, қосымша шығынды талап етпейтін (теледидар, шаруашылық, еш нәрсе істемеу сияқты)  жағдайда өткізеді, бұл – бос уақытты пайдаланудың ең «қарапайым» түрі.Жақын жылдары адамдарда бос уақытын үйде өткізудің мүмкіншілктері көбейе түсуде (Интернет, DVD, MP3, спутниктік теледидар, басылым түрлері және т.с.с..). Бұл бос уақыттың құрылымы мен сапасына әсер етпей қоймайды.
Әлеуметтік желінің өзіндік пайдалы жақтары бар. Ең бірінші артықшылығы ақпарат алмасудың жеделдігі және әр алуандылығы. Әлеуметтік желі арқылы сурет, бейне жіберу жеңіл, блогтар мен қауымдастық, чат ашу, ортақ виртуалды достармен қатар, өмірдегі достар, туысқандар, әріптестер, сыныптастар мен курстастар бірлестігін құру мүмкіндігі бар. Халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты жақындатты. Кез келген жерде қажетті ақпаратты өз уақытында алу және пайдалану, халықтың билік органдары әлеуметтік желі арқылы хабарласуы арқылы кері және өзара байланыс орнатуға жол ашылды. Осы орайда, қазіргі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың барлық деңгейдегі басшылардың әлеуметтік желілерде парақша ашып, халықпен байланыс орнату бойынша берген тапсырмасы әлеуметтік желілердің Қазақстан жағдайындағы маңызы зор екендігін көрсетті. 
Ал енді зиянды жақтарына тоқталайық. Қазірде әлем халқының 57% бетпе-бет тілдесуден гөрі интернет арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады,ақпараттың ақиқаты мен жалғандығын айыра алмау, кез келген ақпараттың ұсынылуы; қоғам құндылықтарына жатпайтын лас сөздерді пайдалану, теріс пиғылды азаматтардың өз мүддесін жүзеге асыру үшін мүмкіндігінің болуы, толықтай электронды бағыныштылық. Сонымен қатар,  сөйлеу, ақпараттың жылдам алынуы және жеке ізденістің жоқтығына байланысты ойлау қабілеті кемиді.Бұл әсіресе, жастар арасындағы күрделі проблема болып отыр. Күнібойы желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, интернетке тәуелді болады. 
Әлеуметтік желілер, сөзсіз, уақыт үнемдей отырып, жедел қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бере отырып, моральдық жай-күйімізді қолдайтын, негізгі ақпарат көзіне айналды. Әлеуметтік желілердің даму үрдісібір орында тұрмайтындығы анық.Бірақ, адамның шынайы қарым-қатынасы мен түрлі эмоцияларын алмастыра алмайтынын ұмытпаған жөн.Қорыта айтқанда, әлеуметтік желілер өміріміздің өзі емес, тек қана пайдалы қосымшасы болуы тиіс екенін түсіну маңызды.


М.К.Шнарбекова 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, 
Ph.D доктор 
А.Құлмырзаева, С.Абитова 
әлеуметтану мамандығының 1 курс магистранттары