Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Қазақстан Республикасының «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңы туралы


2015 жылдың 20 акпанында Қазақстан Республикасының «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2006 жылғы 13 желтоқсанда Нью-Йоркте қабылдаған.
Осы Конвенцияның мақсаты барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде іске асыруын көтермелеу, қорғауда және қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларға тән қадір-қасиетті құрметтеуді көтермелеу болып табылады.
Адамға тән қадір-қасиетті, оның өз таңдауын жасау еркіндігін қоса алғандағы жеке дербестігін және тәуелсіздігін құрметтеу, кемсітпеушілік, қоғамға толық және тиімді тарту және қосу, мүгедектердің ерекшеліктерін құрметтеу және оларды адами алуан түрліліктің компоненті және адамзаттың бір бөлшегі ретінде қабылдау, мүмкіндіктер теңдігі, қолжетімділік, ерлер мен әйелдердің теңдігі, мүгедек балалардың даму қабілеттерін құрметтеу және мүгедек балалардың өз жеке қасиетін сақтау құқықтарын құрметтеу осы Конвенцияның қағидаттары болып табылады.
Қатысушы мемлекеттер барша мүгедектердің адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын мүгедектік белгісі бойынша ешқандай да кемсітушіліксіз толық іске асыруын қамтамасыз етуге және көтермелеуге міндеттенеді. Осы мақсатта қатысушы мемлекеттер: осы Конвенцияда танылатын құқықтарды жүзеге асыру үшін барлық тиісті заңнамалық, әкімшілік және өзге де шараларды қабылдауға, мүгедектерге қатысты кемсітуші болып табылатын қолданыстағы заңдарды, қаулыларды, дәстүрлер мен ұстанымдарды өзгерту немесе олардың күшін жою үшін барлық тиісті, оның ішінде заңнамалық шараларды қабылдауға, барлық стратегиялар мен бағдарламаларда мүгедектердің адам құқықтарының қорғалуы мен көтермеленуін ескеруге, осы Конвенцияға сәйкес келмейтін кез келген іс-қимылдан немесе әдістерден қалыс қалуға және мемлекеттік органдар мен мекемелердің осы Конвенцияға сәйкес іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге, кез келген адам, ұйым немесе жеке кәсіпорын тарапынан болатын мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті жою үшін барлық тиісті шараларды қабылдауға, мүгедектің нақты қажеттіліктеріне ыңғайластыру барынша аз бейімделу мен мейілінше аз шығынды талап ететіндей тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жабдықтар мен әмбебап дизайн объектілерінің (осы Конвенцияның 2-бабында айқындалатын) зерттеу және конструкторлық әзірлемелерін жүргізуге немесе көтермелеуге, олардың қолда болуына және пайдаланылуына жағдай жасауға, сондай-ақ стандарттар мен басқару бағдарларын жасау кезінде әмбебап дизайн идеясын ілгерілетуге, зерттеу және конструкторлық әзірлемелер жүргізуге немесе көтермелеуге, сондай-ақ қымбат емес технологияларға бірінші кезекте көңіл бөле отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ұтқырлықты жеңілдететін құралдарды, мүгедектерге лайықты құрылғылар мен ассистивті технологияларды қоса алғанда, жаңа технологиялардың болуына және пайдаланылуына жағдай жасауға, мүгедектерге ұтқырлықты жеңілдететін құралдар, құрылғылар  және ассистивті технологиялар, оның ішінде жаңа технологиялар, сондай-ақ көмектің басқа да нысандары, қосалқы көрсетілетін қызметтер және объектілер туралы қолжетімді ақпарат беруге,) мүгедектермен жұмыс істейтін мамандарға және адамдарға осы Конвенцияда танылған құқықтарды оқытуды, осы құқықтар кепілдік берген көмек пен көрсетілетін қызметтерді ұсынуды жетілдіру үшін көтермелеуге міндеттенеді.
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға қатысты әрбір қатысушы мемлекет өзінде бар ресурстарды барынша іске қоса отырып, ал қажет болған жағдайда - халықаралық ынтымақтастықты пайдалана отырып, осы Конвенцияда тұжырымдалған, халықаралық құқықтарға сәйкес тікелей қолданылатын болып табылатын міндеттемелерге нұқсан келтірмей, осы құқықтарды толық іске асыруға біртіндеп қол жеткізуге арналған шараларды қабылдауға міндеттенеді.
Қатысушы мемлекеттер, егер де қандай да бір рәсімнің негізінде мүгедектер еркіндігінен айырылған болса, оларға басқалармен теңдей дәрежеде адам құқықтарының халықаралық құқығына сәйкес келетін және жүйелі бейімделуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, олармен қарым-қатынас осы Конвенцияның мақсаттары мен қағидаттарына сәйкес болуына кепілдіктер берілуін қамтамасыз етеді.

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Алмалы аудандық бөлімінің бас маманы Тұрғынбаев Олжас Мейркулович