Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Оқушының картасы


Оқушылар өзінің оқитын мекемесінен көлікпен жүру ОҢАЙ картасын ала алады. Оқушының көлікте жүру картасы өзінің жеке басының құралы болып табылады  және  жеке басының ақпаратына негізделіп жасалады. Бұл үшін оқушы өзінің сүретін әкелуі тиіс. Әр мектепте ОҢАЙ картасына жауапты адам тағайындалады, ол дайын картаны оқушыға  береді. 
САТЫП АЛУ
Оқушының картасын алу үшін оқушы өзі білім алып жатқан оқу орнындағы жауапты адамға баруы тиіс.
Карталар жекешелендірілген.
Сондай-ақ, басқа қала оқушылары үшін картаны Алматы қ., Рысқұлбеков көш., 33/1, Абылай хан көш., 3А, "Алтын Тараз" СО мекенжайлары бойынша алуға болады.
Жоғалған жағдайда, механикалық түрде бүлінген жағдайды картаны 1 күн ішінде қайта жасап шығаруға болады. Ол үшін картаны Алматы қ., Рысқұлбеков көш., 33/1 мекен-жайы бойынша келіп, қажетті құжаттарды көрсетіп, картаның қайта шығару құнын төлеу қажет.
Қажетті құжаттар:
Картаны жоғалтқан туралы өтініш
Туу туралы куәлік (ЖСН көрсетілген) немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат
Жеңілдікті растайтын құжат
16 жасқа дейінгі оқушының қасында міндетті түрде ересек адам болуы қажет және оның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.
 ҚАЙТА ШЫҒАРУ
Жоғалған жағдайда, карта теңгеріміндегі қаражатты сақтап қалу мақсатында картаны Жеке кабинет арқылы немесе +7 (727) 397 01 91 телефоны бойынша хабарласу арқылы бұғаттау қажет. Егер карта бұғатталмаған болса, қолданушының картаны қайта шығару үшін жүгінген кезінде қаражат қайтарылады.
Оқушының көлік картасын қайта шығару құны – 750 теңге.Балалар үйі мен соған теңестірілген ұйымдардың балаларының тәрбиеленушілері үшін картаны қайта шығару құны – 500 теңге.
АЙЛЫҚ ЖОЛ ЖҮРУ АБОНЕМЕНТТЕРІ
Айлық жол жүру абонементі бір күнтізбелік ай көлеміне жарамды және сол мерзімде шектеусіз жол жүруге арналған. Келесі айға айлық жол жүру абонементін сатып алу ағымдағы айдың 15-нен келесі айдың 14-не дейін мүмкін.Айлық жол жүру абонементін іске қосу үшін, жеңілдігі бар ОҢАЙ! картасында бір рет жол жүру ақысына тең сома – 40 теңге болу керек.  
Айлық жол жүруды сатып алу
Сондай-ақ, айлық жол жүру абонементін ОҢАЙ! мобильді қосымшасы арқылы, ОҢАЙ! өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы немесе QIWI төлем термианлы арқылы сатып алуға болады.
Жоғалған жағдайда, карта теңгеріміндегі қаражатты сақтап қалу мақсатында картаны Мобильді қосымша арқылы, сайттағы Жеке кабинет арқылы немесе +7 (727) 397 01 91 телефоны бойынша хабарласу арқылы бұғаттау қажет.