Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



ЖРВИ және тұмау ауруының эпидемиологиялық жағдайы


Алмалы ауданы бойынша ЖРВИ мен тұмау аурушандығының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Ағымды жылда өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ аурушандығы біршама жоғарылады. Негізінде аурушандық балалар арасында жиі тіркеледі. Медициналық ұйымдар мен ұйымдастырылған ұжымдар арасында топтық аурушандық тіркелген жоқ.. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы негізінде  тұмауға қарсы егілумен қауіп-қатер тобына жататын барлық тұлғаларды толығымен қамту жоспарланып отыр. Алмалы ауданында тұмауға қарсы егуді ақылы түрде 3 жеке медициналық орталық жүргізеді. Барлық емханаларда және жалпы білім беретін, мектепке дейінгі ұйымдарда фильтр орнатылған, ауру адамдарды қабылдауға жеке бөлме қарастырылған, жеткілікті мөлшерде тұмауға қарсы дәрілермен, бетперделермен, термометрлермен, залалсыздандыру заттарымен қамтылған. Барлық медициналық ұйымдарда ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу бойынша санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілуде. 
Сонымен қатар ауданда ЖРВЖ мен тұмауды дозорлы эпидемиологиялық қадағалау бағдарламасы негізінде 2 емхана жұмыс атқаруда (№31 ҚЕ, №3 ҚЕ).