Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Туберкулез ауруының алдын алу


Алмалы ауданы бойынша туберкулез ауруының алдын алу жұмыстары жалғастырылуда. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда туберкулез ауруы бойынша эпидеиологиялық  жағдай тұрақты. Алмалы ауданы бойынша барлық емдеу профилактикалық жүйесі аса  қаупті ауруын ертерек аңықтау үшін белсенді күресуде, соның нәтижесінде 2016 жылдың 8 айында аурушандық көрсеткіш 100 мың адам санына  шаққанда -20,2, бұл былтырғы жылдың аталған мерзіміндегі көрсеткішпен салыстырғанда -1,7% төмен. Атқарылып жатқан эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шараларының арқасында студенттер арасында туберкулез аурушандығының эпидемиологиялық жағдайы біршама түзеліп келеді. Алмалы ауданында 43 жоғарғы және орта оқу орындары бар. Қазіргі уақытта туберкулез ауруын белсенді түрде анықтау үшін барлық оқу орындары студенттер мен қызметкерлерді 2016 жылы флюорографиялық тексерумен қамту жоспарын жасауда. Және де қауіп-қатер тобы мен 14 жасқа дейінгі балалар арасында R-Манту бойынша қамту жоспары жасалды. 
2016жылы қыркүйек айында  Алматы қаласының ТҚҚД-нің 2016 жылдың 29 тамыз айындағы №284-ө  және Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылдың 29 тамыз айындағы №334 бірлескен бұйрығына сәйкес Алмалы ауданында 1-ші сынып оқушыларын туберкулезге қарсы ревакцинациясы ұйымдастырылды, бұл туберкулездің  алдын алудың ең  жақсы және ұтымды  әдісі және балалар арасында туберкулезді ертерек  анықтау бойынша іс-шаралары жүргізілуде. 
2016 жылдың 05 қыркүйегіне дейін 1-сынып оқушыларының ата-аналары арасында туберкулездің алдын алу, оның ішінде  екпе жүргізудің маңыздылығы туралы  санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілді, оларға жадынамалар таратылып берілді.

Руководитель Управления по
защите прав потребителей по
Алмалинскому району Токмолдинов Ф.С.