Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



«А», «В» вирустық гепатиттер және профилактикасы


А вирустық гепатит (Боткина ауруы) –  Вирустық гепатиттардың ішіндегі ең  жиі кездесетін - жоғары тұрақтылығы бар, соған байланысты қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталатын, бүйректің зақымдануымен болатын инфекциялық (жұқпалы) ауру. Барлық тіркелген гепатит жағдайларының ішінде А вирустық гепатиті жетекші рольде. Бұл инфекциямен ересектер де балалар да ауырады. Соңғы 4 жылда Алматы қаласында аталған ауру ересектерде анықталып келеді. Негізінен, бұл инфекция күз бен қыс мезгілдеріне тән, алайда, жыл бойы тіркеле беруі де мүмкін. А вирустық гепатиті суда жақсы сақталады, сондықтан да бұл ауруға суға шомылғанда, белгісіз орындардан ауыз су ішкенде шалдығады. Инфекция ортақ заттар (ыдыс-аяқ, есік тұтқалары, ойыншықтар, сүлгі-орамалдар) арқылы, сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтау жағдайларында да беріледі. 
Ауру жұққаннан соң оның алғашқы белгілері байқалатын мезгіл орташа 35 күнді құрайды. Вирустық гепатит жағдайында инфекция көзі (жұқтырушы) –  шалдыққан адам.  Аурудың клиникалық симптомдары (белгілері) – жүрек айну, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбеттің нашарлауы, қызу көтерілу, тері беттерінің, көз ағының сарғыштануы. Сондай-ақ, аурудың сарғыштану белгілері болмайтын түрлері де кездеседі. Ауру көбінесе толық жазылумен (айығу) ғана аяқатала алады. Қоршаған ортаға симптомдары мен сарғыштану белгілері жоқ науқастар едәуір қауіп төндіреді. 
Бұл аурудың алдын алудың (профилактика) негізгі шарттары –балаларды жастайынан жеке бас гигиенасын мұқият сақтауға дағдыландыру. Белгісіз, қаупі бар орындардан су ішпеген жөн, суға шомылғанда су жұтып қоюдан сақ болу қажет, көкөніс, жеміс-жидектерді тек жуылған күйде ғана жеу қажет, салқын сусындарды бір бөтелкеден ішпей, жеке стакандарға құйып ішкен дұрыс. Сыныпта вирустық гапатит тіркелген жағдайда, сынып бөлмесін үнемі желдетіп, күнсайын денсаулықты қадағалап отырған жөн.
А вирустық гепатитін алдын алу (профилактика) бойынша нәтежиелі  шаралардың бірі – вакцинация.   Алматы қаласында, емханаларда вакцинация балаларға 2 жастан бастап,  6 ай интервалмен 2 рет тегін салынады. Басқа жастағылар жеке егу орталықтарында (Вакцинация клиникасы) ақылы түрде егіле алады.  





В вирустық гепатиті.   Парентеральдық түрімен  берілетін және жұғатын   -  Гепатит  түрлі медициналық араласу жағдайларында оның ішінде нашақорлар арасында қан арқылы беріледі, косметикалық манипуляцияларда, сонымен қатар жыныстық қатынастарда беріледі.
Аурудың инкубациялық кезеңі орташа 60 күннен 90 күнге дейінгі аралықты құрайды. Ауру толық жазылумен (айығу) аяқаталуы мүмкін немесе созылмалы түріне көшуі ықтимал. Ауру сирек жағдайларда асқынады. 
Аурудың алдын алудың (профилактика) ең тиімді   шарасы  – вакцинация.   Әсіресе, қауіпке жақын топтар (риск топтары) арасында (нәрестелер, медициналық қызметкерлер, қайта қан құйған пациенттер, нашақорлар, гомосексуалистер, жезөкшелер) арасында вакцинация жүргізу қажет.
Медициналық манипуляцияларда бір қайтара қолданылатын шприцтерді және басқа да зарарсыздау құралын қолдану қажет. Сонымен қатар, теріні жарақаттау қаупі бар тіс шеткасын,  қырғышты  және басқа да гигиеналық құралдарды әр адам жеке өзі ғана пайдалану қажет. 
Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау және ақыл-кеңестерді орындау В вирустық гигиенасынан сақтануға септігін тигізеді. 
Вакцинация инфекциядан сақтанудың ең сенімді де қолайлы әдісі  болып қалып отыр. Вакцинация емханаларда, балаларға 2 жастан бастап,  6 ай интервалмен 2 рет тегін  ретінде  салынады. Басқа жастағылар жеке егу орталықтарында (Вакцинация клиникасы) ақылы түрде егіле алады.