Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Кене энцефалитінің алдын алу шаралары


Кене энцефалиті аса  күрделі вирустық инфекциялық ауру және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен жүреді. Кене энцефалиті барлық адамдарда жасқа және жынысқа бөлінбей жұға береді. Аурудың жұқтыру қауіптілігі орманға барғанда (аңшылардан, саяхатшылардан) жұғады. Қала тұрғындары табиғи ормандарда орманды саябақтарда бау-бақшаларда жұқтырады.
Кене энцефалиті кезінде спецификалық және спецификалық емес шаралармен аурудың алдын алуға болады. Спецификалық емес алдын алу шаралары кезінде кенелердің киімдегі жағалар мен манжеттер арқылы жорғалауына мүмкіндік бермейтін арнайы  қорғаныс киімдері немесе бейімделген киімдер қолданылады. Кенелерден қоргану мақсатында дененің ашық бөліктері мен киімдерді үркітуші өңдеу репелленттер қолданылады.
Әрбір адам кене энцефалитінің табиғи ошағында болғанда жәндіктердің белсенді көбею мезгілінде өз киімі мен денесін қарап шығуы керек.
Спецификалық алдын алу шаралары:
-Кене энцефалитіне қарсы екпе алу. Жеке мамандарға, ошақта жұмыс істейтін немесе ошаққа баратын адамдарға
-Серопрофилактикалық екпе егілмеген адамдарға кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймақта кененің шағуы бойынша алдын алу мекемесінде жүргізіледі.
-Қолайсыз аймақта демалушылар немесе жұмыс істейтін барлық адамдар міндетті түрде екпе алуы керек.