Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3
Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының тойлануына байланысты жекелеген мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы


Алмалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі хабарлайды:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 25 жылдығының тойлануына орай «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының тойлануына байланысты жекелеген мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Алматы қаласы маслихатының шешімі бекітілді. Осы шешімде белгіленген бір жолғы әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде төленеді.
Бұл көмек Алматы қаласында тіркелген мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына ЗТМО ұсынған тізім бойынша, алушылардан өтініш талап етілмей, төленеді.
Алматы қаласы маслихатының «Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін, сондай-ақ, әлеуметтік көмек көрсету еселігін белгілеу туралы» 2014 жылғы 15 сәуірдегі №210 шешіміне сәйкес 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ақталған қатысушылары 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде сома алады және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында оларға қосымша 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде сома төленеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік көмек алушы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі:
1. Ұлы Отан Соғысына қатысушылар
2. Ұлы Отан Соғысының мүгедектері 
3. Ұлы Отан Соғысына қатысушылар қатарына теңестірілген азаматтар 
4. Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне теңестірілген азаматтар 
5. Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері   
6. Семей ядролық сынақ полигонынан мүгедек болғандар 
7. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ақталғандар
8. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар
9. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушылар
10. Тұрғын-үй көмегін алушылар
11. Жарты жылда бір рет 7 АЕК көлемінде көрсетілетін әлеуметтік көмек алушылар 
12.  1, 2 топтағы мүгедектер, осы санаттарының арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатындары
13. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен марапатталған немесе бұрын «Батыр- ана» атағын алған, I және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар
14. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылары 
15. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз Жауынгерлік қызметі үшін бүрыңғы ҚСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғалар (еңбек майданына қатысушылар – ЕМҚ)
16. Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан және Чернобыль АЭС-індегі апаттың әсерінен қайтыс болғандардың отбасылары
17. Амбулаториялық емдеудегі IV санаттағы туберкулезбен науқас азаматтар