Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ



«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру(03.05.2017)


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатынжалпы біліктілік талаптары:

Е-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

Санат

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

min

max

Е-3

102 437

138 248












«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74 А, анықтама үшін телефондар: 272-74-67, e-mail:s.abitova@almaty.gov.kz, «Б» корпусыныңбос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
1.Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, және Үкіметінің қаулыларының мен Алматы қалалық Маслихатының сессиясының шешімдерінің, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты, бөлімнің жоспарлы жұмысын, еңбек және орындаушылық тәртіпті жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, олардың тағайындалуы немесе босатылуы туралы ұсыныстар енгізеді, қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру мен еңбек қызметіне қажетті жағдайды жасауға бағытталған шаралар қабылдайды. Алдағы үш жылдық кезеңге болжам көрсеткіштерін әзірлеуді жүргізеді. Аппарат және ведомствалық бағыныстағы ұйымдарға байланысты ағымдағы жыл бойынша қаржыландыру жоспарын, жылжытуға өтінімдер мен анықтамалар құрады және қазынашылық органдарына береді. Бюджет қаражаттарының мақсатты және тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді, бухгалтерлік операциялар шоттарында дұрыс жүргізу мен көрсетуді жүргізеді. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бюджеттік қаражаттың игерілуі бойынша талдау жүргізеді, олардың уақытылы және мақсатты орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Жабдықтаушылармен жұмыс, №6 мемориалдық ордерді құру. Материалдық құндылықтардың, негізгі қаражаттың сақталуына, уақытылы есептеу мен түгендеуді бақылауды қамтамасыз етеді. Сайлауға дайындық кезеңінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарлардың уақытылы қаралуына жауапты.Қолданыстағы нормативтік құжаттарға және бекітілген істер тізбесіне сәйкес құжаттардың сақталуына және іс жүргізуге жауапты. Ведомствалық мұрағатқа бөлімнің істерін өткізуді қамтамасыз етеді. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтереді. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының бұзылуына соқтыратын іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғарғы білім.Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. 
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күнінен бастап, 3 жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. 
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. 
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. 




___________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
__________________________________________________________________

      

 

__________                                             __________________________________

(қолы)                                                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      

 

«____»_______________ 20__ ж.