Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ



«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру


Барлық ішкі конкурсқа қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-3 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғарыжәне жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Санат

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

min

max

Е-3

102 437

138 248











«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74 А, анықтама үшін телефондар: 272-74-67, e-mail: s.abitova@almaty.gov.kz, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1.Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттер: Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, және Үкіметінің қаулыларының мен Алматы қалалық Маслихатының сессиясының шешімдерінің, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты, бөлімнің жоспарлы жұмысын, еңбек және орындаушылық тәртіпті жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, олардың тағайындалуы немесе босатылуы туралы ұсыныстар енгізеді, қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру мен еңбек қызметіне қажетті жағдайды жасауға бағытталған шаралар қабылдайды. Алдағы үш жылдық кезеңге болжам көрсеткіштерін әзірлеуді жүргізеді. Аппарат және ведомствалық бағыныстағы ұйымдарға байланысты ағымдағы жыл бойынша қаржыландыру жоспарын, жылжытуға өтінімдер мен анықтамалар құрады және қазынашылық органдарына береді. Бюджет қаражаттарының мақсатты және тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді, бухгалтерлік операциялар шоттарында дұрыс жүргізу мен көрсетуді жүргізеді. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бюджеттік қаражаттың игерілуі бойынша талдау жүргізеді, олардың уақытылы және мақсатты орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Жабдықтаушылармен жұмыс, №6 мемориалдық ордерді құру. Материалдық құндылықтардың, негізгі қаражаттың сақталуына, уақытылы есептеу мен түгендеуді бақылауды қамтамасыз етеді. Сайлауға дайындық кезеңінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарлардың уақытылы қаралуына жауапты. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға және бекітілген істер тізбесіне сәйкес құжаттардың сақталуына және іс жүргізуге жауапты. Ведомствалық мұрағатқа бөлімнің істерін өткізуді қамтамасыз етеді. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтереді. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының бұзылуына соқтыратын іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет көрсету немесе ауылшаруашылық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттер болуы тиіс:Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 
1)«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 
2)тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. 
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс. 
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күнінен бастап, 3 жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратында өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.