Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ



«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды (14.06.2019)


Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-4 санаты үшін:  жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

 

min

max

Е-4

195895

255514


«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, №256 бөлме, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
2. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, (1 бірлік). 
Функционалдық міндеттері:Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асырады. Жоғарғы тұрған мекемелердің, аудан әкімінің, әкімнің орынбасарының тапсырмаларын, шараларды орындау бойынша талдамалық мәліметтерді, анықтамаларын және өзге де қажетті материалдарды дайындайды. Аула ішіндегі орнатылған көлікжайларды түгендеу және заңсыз орнатылған көлікжайларды бұзу жұмыстарын үйлестіреді. Кондоминиум объектілерін басқару органдарымен бірлесіп аула ішіндегі санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында сенбіліктер ұйымдастырады. Қоқыс шығарушы мекемелердің тұрмыстық қалдықтарын шығару бойынша көрсетілген қызметтердің, орындалу жұмыстарының сапасы мен мерзімі бойынша бақылауды жүзеге асырады. Көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерге салынған жапсарлас құрылыстарына, сонымен қатар аула ішіндегі заңсыз қоршалған жерлерге мониторинг жүргізеді. Тұрғын үйлердің қасбетін, жертөлелері мен шатырларына жөндеу жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Жер асты паркингі мен көлікжай кооперативінің жұмыстарын үйлестіреді. Кондоминиум объектілерін басқару органдарымен бірге көппәтерлі тұрғын үйлердің аула ішіндегі орналасқан апаттық ағаштар мен бұтақтарды санитарлық қырқу жұмыстарын үйлестіреді. Ауданның жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерімен бірлесіп аудан тұрғындарының жалпы жиналыстары мен жиындарын, Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп тұрғын үй қорын тексеруді, ауданның коммуналдық қызметтермен бірлесіп қысқы маусымға дайындалу жұмыстарын қадағалайды.  Бөлімнің тоқсандық және жылдық жоспарын құрастыруына қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды уақытылы қаралуына жауапты. Қызметтік міндеттеріне сәйкес іс жүргізу, бөлімнің істер тізбесіне сәйкес істерді құрастыруға жауапты, істердің сақталуын және ведомствалық мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтереді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар. Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі); ауыл шаруашылық ғылымдары (су ресурстары және суды пайдалану және/немесе өсімдік қорғау және карантин); қызметтер (жерге орналастыру және/немесе кадастр); заң (халықаралық құқық және/немесе заң); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе экономика); жаратылыстану ғылымдары (экология)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі."Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі). 
Бірыңғай персоналды дамыту қызметі "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, бірыңғай персоналды дамыту қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-ге (Алматы қаласы, Республика алаңы 4,  2 қабат, 256 бөлме) тапсырылуы тиіс. 
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімдерінде тапсырады. 
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Алматы қаласы әкімі аппараты» КММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар бірыңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады. 
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі Алматы қаласы әкімі аппараты интернет-ресурсында, сондай-ақ ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және www.kyzmet.gov.kz ресми сайтында жарияланған. 
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

Қатысушылары мен кандидаттары "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған жадынама

Конкурс қатысушылары мен кандидаттары құқылы:

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынбауға.
Құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде немесе "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынуға.
Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты қатысушылардың электрондық мекен-жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен хабарландыруына.
Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.
Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.
Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.
Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде таныстырылуға.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.
Конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда 3), 4), 5), 7), 8)тармақшаларында көрсетілген құжаттар қайтарылуына өтініш беруге.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

                                                              

 

 

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

      Мені______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________ бос  мемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуконкурсына

       қатысуға жіберуіңіздісұраймын.

      "Б" корпусыныңмемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуғаконкурсөткізу

      қағидаларыныңнегізгіталаптарыментаныстым, оларменкелісемінжәнеорындауға

      міндеттемеаламын.

      Ұсынылыпотырғанқұжаттарымныңдәйектілігінежауапберемін.

      Қосаберілгенқұжаттар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мекенжайы және байланыстелефоны_______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________                                          ____________________________________

       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

Приложение 3
к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса "Б"

Форма

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)


ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата