2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ



«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру (22.05.2020)


«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбексіңіргенжылдарынабайланысты

min

max

Е-3

263 596

343 820

«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 262-16-09, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсжариялайды:

1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратының Көріктендіру бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, (1 бірлік). 

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады, бөлімнің жоспарлы жұмысын атқарады. Бөлім қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерін тағайындау және босату жөнінде ұсыныстар енгізеді, олардың кәсіби деңгейін жетілдіруге және еңбек қызметі үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған шараларды қабылдайды. Көріктендіру және құрылыс мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президенті жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, Алматы қалалық мәслихаты сессияларының шешімдерінің мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді. Аудан әкімі аппаратының бюджетін қалыптастыру жұмысына қатысады, көріктендіру және құрылыс саласы бойынша жүргізілетін жұмыстар мен қызметтердің техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлейді. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес көріктендіру, көше жарығы, жасыл желектерді күтіп ұстау және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырып, өткізеді. Бөлімнің жұмысын оңтайландырып, тиімділігін арттыру мақсатында өзі жетекшілік ететін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді. Азаматтарды қабылдайды, олардың өтініштері мен арыздарын қарастырады, олардың шешілуіне ықпал етеді. Бөлімге әлеуметтік желілер (инстаграмм, әкімнің сайты, және т.б.) және қала әкімінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы келіп түскен арыз-шағымдардың уақтылы, әрі Заңға сәйкес, жауап берілуін қадағалау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарды қарастыру барысында орынға шығу. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізу. Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады. Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін іс-шараларына қатысады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы, статистика, қоғаммен байланыс) саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технология (құрылыс, тіршілік қауіпсізідігі және қоршаған ортаны қорғау) саласындағы немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі) саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдар (өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині) саласындағы немесе жаратылыстану (экология)  саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

2. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, (1 бірлік). 

Функционалдық міндеттері: Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асырады. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, материалдардың дайындық сапасына тікелей жауап береді. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, еңбек және орындаушылық тәртібін қамтамасыз етеді. Ауданда өткізілетін мәдени-спорттық іс-шараларды дайындайды және өткізеді, қалалық әкімдік мәдени-спорттық іс-шараларға қатысады. Алматы қаласы өндірістік және әлеуметтік бағыттағы нысандардағы зардап шеккен адамдарды жинау пункттерінің, эвакуациялық пунктердің аудандық эвакуациялық комиссиясының жұмысын ұйымдастырады. Әскерге шақыру жасына жеткендерді тіркеу және жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша Алмалы аудандың аудандық Қорғаныс істері жөніндегі басқармамен бірлесіп әрекет етеді. Бөлім жұмысы бойынша жоспарлар мен бағдарламалар дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Тарихи-мәдени мұраларды есепке алу, тіркеу, қорғау және пайдалану бойынша атқарылатын жұмыстарда көмектеседі. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша жұмыстар жүргеді. Спортшыларға спорттық біліктілік санаттарын және спорттық разрядтарын беру жұмысын ұйымдастырады, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтауды қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды уақытылы қаралуына жауапты. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға және бекітілген істер тізбесіне сәйкес құжаттардың сақталуына және іс жүргізуге жауапты. Ведомствалық мұрағатқа бөлімнің істерін өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтереді.  

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Білім (орыс тілі және әдебиеті және/немесе педагогика және психология және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті); заң (халықаралық құқық және/немесе заң); гуманитарлық ғылымдары (филология және/немесе мәдениеттану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе журналистика және/немесе экономика) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 

1)белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр); 

2)тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. 

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей бірыңғай персоналды дамыту қызметін хабардар етеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының іс- әрекеті мен шешіміне шағымдана алады.

Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

Ескертпе: Алматы қаласындағы карантин режиміне байланысты кандидаттармен әңгімелесу онлайн режимінде өткізілетін болады (ZOOM). 

Кандидаттарға шақырту қосымша жіберілетін болады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін 


ЖАДЫНАМА

Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. 

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе  конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.


"Б" корпусыныңмемлекеттік

әкімшіліклауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

            __________________________

  (мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені __________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға жәнеорналасуға келісім беремін __________________.

                                                                                                           (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________

Байланыс телефоны: ____________________________________________________

e-maіl: ________________________________________________________________

ЖСН: ________________________________________________________________

_________                                             ______________________________________

(қолы)                                                     (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.