Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ



Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасындағы«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру (02.08.2017)


Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
Е-1 санаты үшінжұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес; 
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

Е-1

min

max

                           102 437

138 248

«Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050000, Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы 74 А, анықтама үшін телефондар: 271-74-67, e-mail: s.abitova@almaty.gov.kz, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратыныңмемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды: 
1. Аудан әкімінің орынбасары,  Е-1 санаты, 1 бірлік. 
Функционалдық міндеттер: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көріктендіру, құрылыс, санитарлық тазалық, тұрғын-үй қорын пайдалану, өрт қауіпсіздігі, инженерлік коммуникацияларды дамыту, жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, Үкіметінің қаулыларының, Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің уақытылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады және орындалуын қамтамасыз етеді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көріктендіру, құрылыс мәселелері бойынша бөлімдердің қызметін үйлестіруді және басшылықты қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспардың, мемлекеттік, аймақтық және қалалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Аудан аумағын кешенді көріктендіру және көгалдандыру бағдарламалары мен шараларының жүзеге асырылуын ұйымдастырады. Энергетика, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, өрт қауіпсіздігі мекемелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, тіршілікті қамтамасыз ету саласындағы қалалық, аудандық бағдарламалардың орындалуын, экологиялық талаптардың сақталу бойынша жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етеді. ЖПИК-тің қатысуымен тұрғын үй қатынастарын жетілдіру, тұрғын үй қорын ұстау және пайдалануды жақсартуды қамтамасыз етеді. Аудандық ТЖ комиссиясына және террористтік жағынан осал нысандарды тексеру бойынша жұмысшы тобына басшылық етеді. Төтенше жағдайлар, дүлей зілзалалардың зардаптарын жою бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Алматы қаласының ТЖ Департаменті, Тұтынушылардың құқығын қорғау Департаменті, Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, Сәулет және қала құрылысы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық, Жер қатынастары, Құрылыс, Тұрғын үй, Жолаушылар көлігі, Автомобиль жолдары, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы басқармаларымен, жылжымайтын мүлік орталығымен, сонымен қатар аудандық Ішкі істер басқармасы, ТҚК, ЖПИК,ӨК, ЖҮИК-термен өзара байланысты қамтамасыз етеді. Құзыры шегінде азаматтарды қабылдайды және олардың арыздары мен өтініштерін қарастырады. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға және бекітілген істер тізбесіне сәйкес құжаттардың сақталуына және іс жүргізуге жауапты. Microsoft Office бағдарламаларының стандартты пакетімен компьютерде жұмыс істей білу. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтереді. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің орындалуын қамтамасыз етеді. Республикасының заңнама талаптарының бұзылуына соқтыратын іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология немесе қызмет көрсету немесе ауылшаруашылық ғылымдары және жаратылыстану саласындағы жоғары білім.
Е-1 санаты үшін келесі құзыреттер болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін3 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы 74 А 219бөлмеде) әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етукүнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Басқарма басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігіне немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. 
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар,  конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.

02.08.2017


 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

     __________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсынақатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауғаміндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мекен жайы және байланыс телефоны __________________________________

___________________________________________________________________

 

 

________________                                 ___________________________________

       (қолы)                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      

 

"___"_______________ 20 __ ж.