Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.01.2016

Алмалы ауданында «Ұлы Дала Елінің шамшырағы – Тәуелсіз Қазақстан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауы – жаңа сын-қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда тәуелсіз еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі міндеттері мен бағыттарын анықтап берген маңызды құжат, келешегіміздің кемел де кемеңгер жоспары болып табылады. 

Міне, осыған орай, Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапханасы осы Жолдау аясында ой бөлісу үшін «Ұлы Дала Елінің шамшырағы – Тәуелсіз Қазақстан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мәдени шараға жоғарғы оқу орнының студенттері, кітапхананың тұрақты оқырмандары, этномәдени бірлестіктердің  төрағалары мен қазақ ғылымының шоқтығы биік тұлғалары қатысты. 

Экраннан арнайы дайындалған «Қазақстан-2050: Мәңгілік Елге бастайтын алтын белес» атты слайд-презентация мен «Асқақ мұратпен астасқан Жолдау» тақырыбында слайд-шоу көрсетілді. Жолдау бойынша «Тәуелсіз Қазақстан: өрлеудің даңқты дәуірі», «Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік көшбасшы», «Елбасы Жолдауы – жаһандық ахуалдың жаңа бағдары», Ұлт жоспары – жаңа қазақстандық арман», «Жаңа әлеуметтік саясат», «Ассамблея – бейбітшілік пен татулық темірқазығы», «Қазақстанның жаһандық миссиясы» атты бөлімдерден тұратын «Ұлы арман жолындағы – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесіне қойылған тәуелсіз еліміздің бүгінгі толағай жетістіктері туралы қойылған құнды кітаптар мен ақпараттар бойынша кітапхана қызметкерлері информревю өткізді. 

Дөңгелек үстелге арнайы қонақтар: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Алмалы ауданы Ардагерлер Кеңесінің мүшесі – Көпбосын Панзабеков, ақын, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы – Аманхан Әлімұлы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Экономика институтының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты – Нұрсәуле Жанахметқызы Бірімбетова, Алматы қалалық «Нұр Отан» Партиясының саяси Кеңесінің мүшесі, қалалық «Парасат» кәсіподақ ұйымының төрағасы, профессор – Данат Жанатайұлы Жанатаев, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, дұнған этномәдени бірлестігінің төрайымы – Зухра Хакимовна Абубекерова, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы – Абдухалил Абдураимович Оралбаев шақырылды.


29.01.2016