Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2017

Алмалы ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті


Алмалы ауданында Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «MEGA Park  Алматы» ОСО жетім балаларға, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға мерекелік іс-шара өткізілді. 1маусым – балаларға арналған ең көңілді мерекелердің бірі ғана емес, сонымен қатар ересектердің балалары үшін үнемі жауапкершілікте болу керектігін көрсететін мейрам. 



Алмалы ауданындағы балалардың көңілін көтерген мерекелік таң достық, махаббат пен отбасылық құндылықтар туралы «Трио в перьях» мульфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өткізіліп, сондай-ақ, балаларға тегін балмұздақ пен сусындар таратылды. Қалаған жандардың барлығы спорттық ойындар мен байқауларға белсенді қатысу мүмкіндігі ие болды. Моана, Грут және Пэппимен бірге қызықты квест-саяхат ешкімді де бей-жай қалдырмай, керемет оқиғаға айналды.


Сонымен бірге, балалар мен ата-аналар жапондық мәдениет флористикасы мен көрсетілімі бойынша шеберлік сағаттарына қатысып, балалардың ZUMBA-party, театр ойындарының белсенді қатысушылары болып, балалар биі фестивалін, балалар хоры мен ғылыми шоу көрсетілімін тамашалады.



Мерекенің концерттік бағдарламасына Алмалы ауданының ең дарынды балалары, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары қатысты. 
Одан басқа, М. Лермонтов атындағы Орыс Академиялық драма театрында: «Тук-Тук» және «Василиса Прекрасная» қойылымдары, Г. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған академиялық театрында: «Сиқырлы терезе», М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрда: «Махаббат дастаны» және «Қожанасыр» қойылымдарының қайырымдылық спектакльдері өтті. Сондай-ақ, аудан балалары үшін Алматы қ. қалалық мұражайы мен хайуанаттар бағына саяхат ұйымдастырылып, «Қазақконцерт» залында байқаулар, зияткерлік ойындары, ойын-сауық бағдарламасы, ал ауданның аңызға айналған «Динамо» стадионында спорттық ойындар өткізілді.



Айта кетерлігі, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ұйымдастырылған шараларда  4200-ден астам бала қамтылды. Балалардың жүзіндегі бақытты күлкі, мерекенің ұйымдастырушылары – Алмалы ауданы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы мен  «MEGA Park Алматы» ОСО әкімдігі үшін баға жетпес марапат болып табылды. 




01.06.2017