Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2015

Алмалы ауданында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті


Алматылықтар бұл күні 50-ден астам өнім түрлерін (ет, сүт, жеміс, көкөніс, ұн, жарма, өсімдік және мал майы) базардағыдан 15-20 пайызға төмен бағаға сатып алды.

Жәрмеңкедегі өнімдердің сапасын Алматы әкім Ахметжан Есімов пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бағалады.

Мегаполис басшысы Жамбыл облысы тауар өндірушілер өнімінің алматылықтарға қажет екендігін жеткізді.

Қала тұрғындары мен қонақтарына 168 тонна жеміс, жидек, көкөніс, 35 тонна ет, 14 тонна сүт өнімдері, 26 тонна өзге де тауарлар, жалпы құны 80 млн. теңгеден асатын ауылшаурашылық өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеге Тараз қаласы мен Жамбыл облысының 10 ауданының фермерлері мен агрооқызметкерлері қатысып, мегаполиске 243 тонна экологиялық таза және сапалы өнім жеткізді.

Бұлардан өзге аталған жәрмеңкеге Алматының сауда орындары және 60 - тан астам азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындары мен «Алматы» ӘКК қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, қала өнім бағасын тұрақтандыру мақсатында мұндай жәрмеңкелер 7 жыл өтуде.


01.06.2015