Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.02.2017

Мемлекеттік тіл туралы конференция Алмалы ауданында өтті


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілді оқытудың ұлттық моделі: әлемдік тәжірибе және заманауи әдістер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.



Ғылыми-тәжірибелік конференцияны Бірінші проректор Б. Алиев ашып берді. «Құрметті, ғылыми жиынға жиналған қауым! Бүгінгі конференция тақырыбының мән-маңызы орасан зор. Қазақ тілімізді мемлекеттік деңгейден одан ары дамытып, өркендетуіміз керек, бүгінгі белесінен де биікке шығаруымыз шарт. Сол себептен барша қазақстандық ғалымдар мемлекеттік тілді өз тұғырына шығару жолында көптеген жұмыстар атқарып келеді. Тілші ғалымдарымыз мемлекеттік тілді оқытудың ұлттық моделін әлемдік және заманауи әдістер арқылы жасап шығару үлгісін осы конференция аясында талқыламақ», – деді өз сөзінде Баходир Әзімжанұлы.



Конференциға Қыздар университетінің ғылыми педагогикалық қызметкерлері, магистранттар, докторанттар мен Алматы қаласындағы жоғары оқу орындары ғалымдары мен оқытушылары арнайы келіп қатысып, ұтымды ойларымен бөлісті.



Конференцияның басты мақсаты – қазақ тілін өрісін кеңейту. Мемлекеттік мекемелерде, кез келген құзіретті орындарда күллі іс-қағаз ана тілімізде жүргізілуі барысын бір жүйеге, бірізділікке салу.



Конференцияның пленарлық мәжілісінде Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ф.Оразбаева « «Ұлы Дала Елі» идеясы аясында мемлекеттік тілді үздіксіз деңгейлік оқытудың ұлттық моделі» атты тақырыпта, «Назарбаев Университеті» Қазақ тілі әдебиеті және мәдениеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы З. Күзекова «Грамматиканы оқытудағы жаңа бағдар немесе грамматиканы функционалдық аспект арқылы оқытудың тиімділігі» тақырыбында өте мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар, ҚМЭБИ профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор З. Ерназарова «Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың лингводидактикалық негіздері» деген тақырыпта, Астана қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығының Бас директоры А. Әбдіқалықов «Ересек азаматтарға қазақ тілін оқыту әдіснамасын стандарттау және жүйелеу. ҚАЗТЕСТ тәжірибесі» тақырыбында қызғылықты баяндама жасады. Жағдаяттық оқыту әдістемесінің авторы Қ. Тасибеков «Жағдаяттық қазақ тілін меңгерутудің тәсілдері» атты тақырыпта кеңінен көсіліп, бүгінгі таңдағы не қазақ тілінде емес, не орыс тілінде емес, нағыз шұбарланған орыс-қазақ ауызекі сөз сөйлеудің дұрыс еместігін тілге тиек етті.



Пленарлық мәжілісте баяндамашыларға қатысушылар қауымынан небір түйткілді сұрақтар туып, тұщымды жауаптар қайтарылып, керемет пікір-талас түрінде өтті. Сондай-ақ, ғылыми-тәжірибелік конференция секциялық мәжіліспен өз жалғасын тапты.


01.02.2017