Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.02.2018

«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті




Алматы мемлекеттік  бизнес колледжінде «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының XXII кезектен тыс конференциясы болып өтті. Конференцияға  партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жасұлан Естенов, Алматы қалалық Мәслихат депутаты, Алматы қалалық Қоғамдық Кеңес төрағасы, «Тұран» университетінің ректоры, «Алмалы – Тұран» бастауыш партия ұйымы төрағасы Рахман Алшанов, партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева және аудандық филиал бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.



Конференцияның күн тәртібінде қарастырылған сұрақтар: 
1.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау;
2.«Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының Саяси Кеңес құрамына өзгерістер енгізу;
3.«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайлау.




01.02.2018