2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.02.2020

Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың тұрғындармен есептік кездесуі М. Әуезов атындағы № 128 жалпы білім беретін мектепте өтті




М. Әуезов атындағы № 128 жалпы білім беретін мектепте аудан әкімі Бекқали Торғаевтың тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Кездесуге қалалық басқармалардың, аудан қызметтерінің басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, жергілікті өзін-өзі басқару төрағалары және аудан тұрғындары қатысты. Әкімнің есеп беру кездесулері Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында өтуде.





2019 жылы тұрғындармен көтерілген мәселелер өткен жылы да, ағымдағы жығы аудан дамуының тұжырымдамасы мен бағытын айқындады.  Бекқали Нұрғалиұлы өз сөзінде тұрғындардың атқарушы биліктің атқарып жатқан  қызметіне  дұрыс баға беріп, сондай-ақ ауданда жүзеге асырылып жатқан көптеген жобаларға белсене қатысуға шақырды. 





Сонымен қатар, аудан басшысы тұрғындар алдында 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беріп, 2020 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Одан кейін аудан тұрғындары Бекқали Нұрғалиұлына өз сұрақтарымен және ұсыныстарымен бөлісті . Барлық қойылған сұрақтарға аудан әкімі құзырлы және толық жауап берді, сонымен қатар тұрғындар көтерген мәселелер аудан басшылығының жеке бақылауына алынды.





Сонымен қатар, есептік кездесу басталғанға дейін бір сағат бұрын және оны өткізгеннен кейін мектептің  холында аудан әкімі мен оның орынбасарларының, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды, бұл әрбір тұрғынға толғандыратын сұрақ қоюға қосымша мүмкіндік берді.







Кездесу өткен жалпы білім беретін оқу орнының базасында тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылды.


01.02.2020