Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.03.2018

Алмалы ауданында құқықтық білім беру бойынша семинар өтті


Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы А. Ануарбектің, Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының Алмалы ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы С. Сарыбаевтың төрағалығымен және Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өкілінің қатысуымен Алмалы ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аппарат қызметшілеріне арналған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының жыл сайын тапсырылатын кіріс жөніндегі декларация бөлігі тақырыптары бойынша құқықтық семинар өтті.



Семинар барысында мемлекеттік қызметке алғашқы рет қабылданған қызметкерлерге, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаларына сәйкес, декларацияны жыл сайын белгіленген мерзімде (ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін) барлық мемлекеттік қызметшілердің тапсыруын міндет болып табылатындағы туралы атап өтті.



Декларацияны уақтылы, тапсырылмаған жағдайда ол әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттер болып есептелетіні жөнінде қатаң ескертті.
Семинар барысында мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі кірістер жөніндегі декларациясының бланк түрлерін толтыру туралы, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер арасында түсініктемелер беріп, шара соңында, қызметкерлер тарапына туындаған сұрақтарға заңнамаларға сәйкес түсініктемелер берілді.


01.03.2018