Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.03.2019

Құрманғазы оркестрі күй абыздары - Оқап Қабиғожин мен Рүстембек Омаровтың мерейтойларына орай концерт берді


Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының аясында «Күй шашу» атты концерт болып өтті. 





Шығармашылық кеш басталмас бұрын, ҚР Мәдениет қайраткері, ұлттық саз аспаптарын жасау шебері – Жолаушы Тұрлығұловтың халық аспаптар көрмесі арнайы ұйымдастырылды. 
Күй абыздары - Оқап Қабиғожиннiң 115 жылдығы және Рүстембек Омаровтың 100 жылдығына арнап ұйымдастырылған бұл концертте Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрғиса Дауешов, Батыржан Мықтыбаев; белгілі дәстүрлі әншілер Жакен Омаров, Шолпан Даржанова, Санат Исаев, Эльза Қарабалина және оркестрдің солисттері мен тағы да басқа жеке солисттер қатысып, қасиетті қара домбыраның үнімен тыңдармандарды тәнті етті. Кешті айтыскер ақын Талант Арғынғали жүргізді.





Кұрманғазы, Тәттімбет, Сүгір сынды күй алыптарының музыкалық мұраларынан бастау алған концерт, Тұяқберді Шәмелов, Секен Тұрысбеков, Ерғали Есжанов сияқты қазіргі заманғы танымал композиторлардың классикалық шығармаларымен жалғасты. Отандық туындылармен қатар, шетелдік «Borino oro», «Сhetverno horo», «Маш ботай», «Карело-финская полька» сияқты әндер домбыраның орындалуында халыққа тарту етілді. 





Әсіресе,оркестрдің домбырашылар тобының орындаған сербия сығандарының музыкасы «Borino oro» тыңдармандардың ерекше ықыласына бөленді. 



-«Биыл Құрманғазы оркестрінің құрылғанына – 85 жыл толып отыр. Мерейтой қарсаңында көптеген жаңа жобалар ұйымдастырудамыз», - деп атап өтті Оркестр директоры Нұрғиса Дауешов.



Тыңдарман қауымның бұл оркестрмен қауышуы оларды жарқын да жадыраңқы күш-жігер мен жаңашылдыққа құлшындыра түсетіні осы жолы да дәлелденді.


01.03.2019