Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.05.2017

Алмалы ауданындағы Қазақстан халқының Бірлігі күні


Алмалы ауданы әкімінің аппараты Алматы қонақтарын, қалалықтар мен аудан тұрғындарын MEGA Park ойын-сауық орталығының алаңында өткен ынтымақтастық, көктем, бірлік пен бейбітшілік мерекесіне жинады.



Мерекеге жиналған қауымды Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов құттықтап, Қазақстан халқының бірлігі аса құнды екендігін атап өтті. Егемендіктің арқасында іргелі гүлденген мемлекетке айналған Қазақ Елі ұрпақтарының өсіп-өніп, тату-тәтті өмір сүретіндеріне сенімді. 



Ынтымақ мерекесі – жыл сайын 1 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Тәуелсіздікке қол жеткізген соң ол берік достыңтық символына айналып, мәні артып, халқымыздың ұлты мен дініне қарамастан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына түрткі болды. Қазақстан халқының Бірлігі мерекесі баршаны біріктіреді.



Осы күні түрлі ұлт пен халықтың өкілдері өз жетістіктерімен бөліседі. Осы айтулы күні бір шаңырақ астына Қазақстан халқының мәдениеті, дәстүрі, ғұрыптары бірігеді.



«Осы мерекеде біз сіздер, сіздердің отбасыларыңыз бен жақындарыңызға бақыт, береке, бейбітшілік пен мейірім тілейміз! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, жайнай берсін!» - деді сахнадағы мерекені  жүргізушілер. 


 


01.05.2017