2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2020

Алматының теміржол вокзалдары жұмыстарын бастайды


2020 жылдың 1 маусымынан бастап карантин шараларының бәсеңдеуіне байланысты қалааралық жол қатынастары жанданады, соның ішінде поездар жүре бастайды. Билеттерді сату 15 мамырдан қолға алынған болатын. Сондықтан Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары жұмыстарын бастайды.
Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясы жағдайында «Алматыэлектротранс» ЖШС санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын қатаң сақтайды.
- Коронавирус пандемиясы барысында теміржол вокзалдары қалай жұмыс істейтін болады?
- Көліктегі санитарлық нормалардың барлығы сақталады. Вокзалға кіреберісте тепловизордың көмегімен жолаушылардың температурасы өлшенеді. Вокзалға толықтай санитайзерлер орнатылған, қызметкерлер маскамен және қолғаппен жұмыс істейді, кесте бойынша дезинфекциялық заттармен нысан іші мұқият өңделеді. Вокзал ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер мен қоршаулар қойылған.
- Жолаушыларды шығарып салушылардың ішке кіруіне бол ма?
- Жоқ, болмайды. Қауіпсіздік ережелері бойынша вокзал ішіне тек қолындағы билетімен жолаушылар ғана кіре алады, шығарып салушылар ішке жіберілмейді
- Теміржол кассалары қалай жұмыс істейді?
- Билет сататын кассалар кесте бойынша таңғы сағат 9.00 ден 24.00-ге дейін жұмыс жасайды. Билет алуға ниет білдірген жандар үшін кіретін жеке есік қарастырылған. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін болашақ жолаушылар төрт адамнан жіберіледі.


01.06.2020