Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.07.2016

Ұлы орыс ақыны А.С. Пушкин күні аясында ақынның ескерткіші жанында ҚР Ұлттық ғылым академиясы саябағында, өлең-жырды құрметтейтін екі ұрпақ өкілдерінің қатысыумен әдеби-шығармалық қойылым болып өтті


Шара Алматыдағы Ресей елшілігі ұйымдастыруымен  өтті. Әдеби – шығармашылық кешке Алматыдағы Ресей елшісі Ирина Переверзева, «Созвучие» «Мәдени-этнографиялық орыс орталығы» қоғамдық білестігінің төрайымы Нина Филиппова және  Ольга Светличная, № 32 Жалпы білім беретін мектеп директоры Айда Хасенова, осы мектептің тарих пәні мұғалімі Зухра Бердығожина, Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультеті  электрондық БАҚ және баспа кафедрасының аға оқытушысы Лариса Норда, Алмалы ауданы еңбек ардагері  Райхан Сыздықова, Елена Марштупа, Ұлы Отан соғысы тыл еңбеккері Галина Левина және аудан ардагерлері мен оқушылар қатысты.



Кештің басты мақсаты ұлы орыс ақыны А. С. Пушкиннің шығармашылығымен танысу, келер ұрпақты әдеби шығарма, өлең-жырға баулу.



Шара барысында ұлы ақынның сүйікті шығармалары «Зимнее утро», «Я помню чудное мгновенье», «Няне», «Не пой, красавица, при мне», «Весна, весна, пора любви», «Кто видел край, где роскошью природы», «Кавказ» және тағы басқа әндер орындалды.




01.07.2016