Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.07.2017

«Көршілер театры» Тастақта шығармашылық сенбілік өткізді


Дүйсенов/Брусиловский саябағында аралығында Тастақ ауданының тұрғындары «Көршілер театрына» жазғы сахнаны бояуға көмектесті. 



Паллеттен жасалған сахнаны «Тёплая» шеберханасы тұрғызған, жоба әріптесі – «Көршілер театры». Парақшалар мен хабарландырудың көмегімен аудан тұрғындарын сахнаның маңыздылығын түсіндіре отырып, алда тұрғаны шығармашылық сенбілік туралы хабарландырған, өйткені, жаз бойы ол жерде барлық қалаған жандар үшін актерлік шеберлік бойынша тегін сабақтар, ашық шеберлік сағаттары, қалалық театрлардан арт-перфоманстар, кездесулер, турнирлер, кинокөрсетілімдер өткізілетін болады. 
Шығармашылық сенбілікке «Көршілер театры» жобасының қатысушылары, актерлер, еріктілер, «Tikkurila» компаниясының өкілдері келді, олар құрылыс үшін бояуларды тегін ұсынды. Жоба үйлестірушісі Алеся Ноғаева барша қауымды 30 маусым күні өтетін «Көршілер театрының» салтанатты ашылуына шақырып, көмек пен бастама үшін алғысын білдірді. 
«Біз келген кезде сахнаға көрші ауладан балалар, көмектесуге ата-аналар жиналып қалыпты. Қыздар сыпырғыштарды алып сыпыра бастаса, ер балалар орындық жинап жүрген құрылысшыларға барып, олар балаларға бұрандалы шегені бұрағышты қалай бұрау қажеттігін көрсетті. Алеся хабарландыру жасап (біз колонкаларды алып келдік), (жұма күні ашылу салтанаты болатындығын, әкімді шақыратындығын айтты, ал біз қазір бояу жұмыстарына кірісеміз: «Tikkurila» компаниясынан демеушілерімізге мың алғыс. Біз бояуды бастадық. Тиикурилалық Наталья қалай бояу қажеттігін айтып, бояу бойынша шағын шеберлік сағатын өткізді, балалар оған қарап, бірден жаққышты алып, жұмысқа кірісті. Біз білікшелерді алдық. Балалар бояды, бояуды шашыратты, мені де бояды. Бір-бірімізден бояуды алдық, өйткені, барлығының бояғысы келген болатын. Сегізге дейін көп жерді бояп үлгердік, бірақ жаңбыр жауып кетті. Біз жаңбырдың басылғанын күттік, алайда ол күшейе түсті, ағаштар да су болды, біз бояу жұмыстарын дүйсенбіге қалдыруды жөн көрдік», – дейді сенбіліктің қатысушысы, жүргізуші,  «И.Л.И.» playback –театрдың актері Родион Другов.
Сенбіліктен соң жаңбырға қарамастан тұрғындар келіп, байланыс нөмірлерін тастап жатты. Барлығының көңіл-күйі көтеріңкі және барлығы осы жобаға қатысқылары келеді екен. 
«Біз сұрақтарға жауап беріп, хабарландыру жасау үшін тұрғындарға ортақ чат құрдық. Егер бұдан да көршілерді қамти алсақ, жақсы болатын еді. Біз сол үшін күшімізді салатын боламыз», – дейді жобаның үйлестірушісі Алеся Ноғаева.
Жобаның мақсаттық тобы – бұл бәрінен бұрын жасөспірімдер мен жастар. Жоба демалыс уақытында бос 200 жасөспірімді театр сабақтары мен өзге де мәдени шаралардың тікелей қатысушылары ретінде тартуды және шағын ауданның 100 белсенді тұрғындарын іс жүзінде жобаға қатыстыру үшін қамтуды жоспарлап отыр, олар негізінен жас аналар мен бос уақыттары бар белсенді зейнеткерлер. Ауданның 1000-ға жуық тұрғындары көрермендер ретінде перфомансқа қатыса отырып, жобаға тікелей қамтылатын болады. Қаланың өзге аудандарының 5000-ға жуық тұрғыны концертке, қойылымдарға келіп, жаңалықтардан хабардар болып отырады. 
«Көршілер театры» мәдени-әлеуметтік жобасын  «Eco Kultura» қоғамдық қоры мен  «И.Л.И.» театры іске асырады, «Сорос-Қазақстан» қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылмақ.
 
Бізбен байланыс:
Ғаламтор желілерінде «Көршілер театры»
www.facebook.com/neighborstheatre
https://vk.com/neighborstheatre
https://www.instagram.com/neighborstheatre
Алеся Ноғаева — жобаның үйлестірушісі
+77077008258
dvorproject@gmail.com 
Евгения Абкеева — И.Л.И. плейбэк-театрының арт-менеджері 
+77771976665
starzhenya@gmail.com 
Алина Абилкаламова — контент
+77004182565
abilkalam@yandex.ru




01.07.2017