Алматы қаласы
Алмалы ауданы
Әкімінің аппараты
A   A   A
Сурет галереясы

Жаңалықтар
мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.08.2016

«Арбат» алаңында Халықаралық адам саудасына қарсы күніне арналған акция өтті


Акцияны    Адам саудасы және заңсыз сыртқа шығарумен күрес сұрақтары бойынша Алматы қалалық комиссиясы, Алмалы ауданы әкімі аппаратының қолдауымен «Родник» ҚҚ ұйымдастырған.  



Міне үшінші жыл бойы  Алмалы ауданы «Арбат» алаңында «Родник» ҚҚ күшімен  БҰҰ жарияланған «Халықаралық адам саудасына қарсы күніне» арнап акция өткізуде.
Арбатта өткен акция тағдыр тәлкегімен түрлі жағдайға душар болған адамдарға жұмыла қол ұшын беруге шақыру. Әрине алаңда қыдырып, әлде өз шаруасымен жүрген әр адам бұл акцияға қатысуға тырысып, акцияның эмблемесы  көгілдір жүрек маңында суреттке түсуіге тырысты.



Көгілдір жүрек эмблемасы- бұл жаңа туған нәресте мен кәмелетке толмағандарды саудалау проблемасына қатысты ойластырлған компания белгісі.
Акция барысында ерікті топ жолаушыларға 400-дей буклет таратып, 15 кісі     адам саудасына қарсы тұру ұраны жанында суреттке түсті.
«Родник» ҚҚ бұл шарамен шектеліп қана қоймайды, қор жоспарында 23 тамыз күні халықаралық адам саудасына қарсы күні аясында қоғамды аталған проблемаға тарту, оны шешу жолдарын іздеу сияқты сұрақтар талқынанатын шаралар өткізбек. Аталған шараға қаламыздың 8 ауданы бойынша  ІІБ, медицина ұйымдары мен әлеуметтік сала  өкілдері  қатыды.



Шара барысында  USAID агентігі мен ХКҰ және Алматы қаласы Ішкі істер басқармасының қолдауымен мобильді кеңес, адам саудасына қарсы күрес семинар- тренинг, балаларға арналған бейне сұхбат, сурет байқаулары өткізіледі. 2016 ж тамыз айынан бастап Алматыда «Адам саудасынан зардап шеккендерге арналған  пана» пилоттық жоба бастау алады. Қала тарихында орын алған  бұл жоба алғашқы рет мемлекеттік қаражатына, дәлірек айтсақ, салық төлеушілердің есебінен  жүзеге асырылады.


01.08.2016